Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында өтетін қоян-қолтық ұрыстан «ARB SEMEY» турнирін тамашалауға шақырамыз! Күш пен шеберлік, ептілік пен төзімділік сыналатын жарыстың жалпы жүлде қоры…
📢Уважаемые жители и гости города!

Приглашаем вас на турнир по рукопашному бою «ARB SEMEY», который состоится в рамках культурно-спортивных мероприятий, посвящённых Дню города!

Общий призовой фонд соревнований, где участники продемонстрируют силу, мастерство, ловкость и выносливость, составляет 2 000 000 тенге.

📅 Дата: 20 сентября 2026 года
⏰ Время: 16:00
📍 Место проведения: набережная Иртыша, улица Шмидта.

Главный судья соревнований — Олжабаев Мадхат Серикқажаұлы. Телефон для дополнительной информации: 8 707 734 33 70.

Призовой фонд сформирован при поддержке спонсоров. Предприниматели, которым небезразлично развитие родного города, поддерживают отечественный спорт и вносят свой вклад в проведение турнира, приуроченного ко Дню города Семей.

Приходите поддержать спортсменов и увидеть захватывающие поединки! Отпразднуем День города вместе!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында өтетін «СЕМЕЙ БАТЫРЫ» күштік экстрим жарысын тамашалауға шақырамыз!

Күш пен төзімділік сыналатын тартысты додада спортшылар өзара бақ сынап, мықтыны анықтайды.

📅 Күні: 18 қыркүйек, 2026 жыл
⏰ Уақыты: 14:00
📍 Өтетін орны: Ертіс жағалауы, Шмидт көшесі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 000 000 теңге:
🥇 І орын — 500 000 теңге;
🥈 ІІ орын — 300 000 теңге;
🥉 ІІІ орын — 200 000 теңге.

Бас төреші — Алтайбаев Андрей Викторович.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 777 243 25 08.

Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.

Спортшыларға қолдау көрсетіп, мерекелік күнді бірге өткізейік!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында өтетін «СЕМЕЙ БАТЫРЫ» күштік экстрим жарысын тамашалауға шақырамыз! Күш пен төзімділік сыналатын тартысты додада спортшылар өзара бақ сынап, мықтыны…
📢Уважаемые жители и гости города!

Приглашаем вас на соревнования по силовому экстриму «СЕМЕЙ БАТЫРЫ», которые пройдут в рамках культурно-спортивных мероприятий, посвящённых Дню города!

В захватывающей борьбе спортсмены продемонстрируют силу и выносливость и поборются за звание сильнейшего.

📅 Дата: 18 сентября 2026 года
⏰ Время: 14:00
📍 Место проведения: набережная Иртыша, улица Шмидта.

Общий призовой фонд соревнований — 1 000 000 тенге:
🥇 І место — 500 000 тенге;
🥈 ІІ место — 300 000 тенге;
🥉 ІІІ место — 200 000 тенге.

Главный судья — Алтайбаев Андрей Викторович.
Телефон для дополнительной информации: 8 777 243 25 08.

Призовой фонд соревнований сформирован при поддержке спонсоров. Предприниматели, которым небезразлично развитие родного города, поддерживают отечественный спорт и вносят свой вклад в проведение соревнований, приуроченных ко Дню города Семей.

Приходите поддержать спортсменов и провести праздничный день вместе!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қала күніне арналған «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафонына қатысуға шақырамыз!

Спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен жандардың басын қосатын жүгіру мерекесіне қатысып, туған қаламыздың мерейлі күнін бірге атап өтейік!

📅 Күні: 19 қыркүйек, 2026 жыл
⏰ Басталуы: 22:00
📍 Старт: Әуежай алаңы
🏃 Жүгіру бағыты: әуежай алдындағы алаңнан Семей–Қарауыл тасжолы бойымен.

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі жас санатында өтеді:
• 40 жасқа дейін;
• 40 жастан жоғары.

Әр санаттағы жүлдегерлерге:
🥇 І орын — 100 000 теңге;
🥈 ІІ орын — 50 000 теңге;
🥉 ІІІ орын — 30 000 теңге.

Мәреден өткен алғашқы 50 қатысушыға естелік медальдар табысталады.

Бас төреші — Мұхтаров Саяхат Мұхтарұлы.
Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін байланыс телефоны: 8 707 967 97 24.

Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.

Түнгі жүгіруге қосылып, мерекелік көңіл күйді бірге сезініңіздер!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қала күніне арналған «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафонына қатысуға шақырамыз! Спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен жандардың басын қосатын жүгіру мерекесіне қатысып, туған қаламыздың мерейлі күнін…
📢Уважаемые жители и гости города!

Приглашаем вас принять участие в ночном марафоне «TUNGI RUN SEMEY-2026», посвящённом Дню города!

Присоединяйтесь к празднику бега, который объединит любителей спорта и здорового образа жизни. Отметим День родного города вместе!

📅 Дата: 19 сентября 2026 года
⏰ Начало: 22:00
📍 Старт: площадь перед аэропортом
🏃 Маршрут: от площади перед аэропортом по трассе Семей–Караул.

Соревнования пройдут среди мужчин и женщин в двух возрастных категориях:
• до 40 лет;
• старше 40 лет.

Для призёров в каждой категории предусмотрены денежные призы:
🥇 І место — 100 000 тенге;
🥈 ІІ место — 50 000 тенге;
🥉 ІІІ место — 30 000 тенге.

Первые 50 участников, пересёкших финишную черту, получат памятные медали.

Главный судья — Мұхтаров Саяхат Мұхтарұлы.
Телефон для получения дополнительной информации и регистрации: 8 707 967 97 24.

Призовой фонд соревнований сформирован при поддержке спонсоров. Предприниматели, которым небезразлично развитие родного города, поддерживают отечественный спорт и вносят свой вклад в проведение соревнований, приуроченных ко Дню города Семей.

Присоединяйтесь к ночному забегу и почувствуйте атмосферу праздника!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары!

Мичурин және Туристическая көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

📅 Жұмыстарды жүргізу мерзімі:
2026 жылғы 15 қыркүйек сағат 22:00-ден 16 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін.

Көрсетілген уақыт аралығында қолданыстағы бетон жабындысын демонтаждау және жаңа бетон жабындысын орнату жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты теміржол өткелі арқылы көлік қозғалысы уақытша мүмкін болмайды.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді, жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары! Мичурин және Туристическая көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 📅 Жұмыстарды жүргізу мерзімі: 2026 жылғы…
📢Уважаемые жители города Семей!

В связи с проведением работ по замене бетонного настила на железнодорожном переезде на пересечении улиц Мичурина и Туристическая движение через данный участок будет временно ограничено.

📅 Период проведения работ:
с 22:00 15 сентября 2026 года до 06:00 16 сентября 2026 года.

В указанный период будут выполняться работы по демонтажу существующего бетонного настила и монтажу нового, в связи с чем проезд через железнодорожный переезд будет временно невозможен.

Просим водителей заранее планировать маршрут движения, учитывать временные ограничения и соблюдать требования дорожных знаков и правил безопасности.

Приносим извинения за временные неудобства и благодарим за понимание!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌟Семейде сарбаздарды әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салды

Семей қаласында «Шекара абыройы — ел сенімі» атты жас сарбаздарды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев, әскерге шақырылған жастар мен олардың ата-аналары қатысты.

Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған жастарға ақ жол тілеген Әсет Баймұрзаев әскери қызметтің жауапкершілігіне тоқталып, ел тыныштығы мен шекара тұтастығын қорғау — әрбір азамат үшін абыройлы міндет екенін атап өтті.

«Алдарыңызда әскери өмірдің жаңа кезеңі тұр. Осы қызмет барысында Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз артып, нағыз ер азаматқа тән қайсарлық пен жауапкершіліктеріңіз шыңдала түседі деп сенемін. Әрқайсыңыздың әскери борыштарыңызды абыроймен өтеп, елге аман-есен оралып, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың қуанышын еселеулеріңізге тілектеспін.
Осы ретте жас сарбаздарды тәрбиелеп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге дайындаған ата-аналарға да айрықша алғысымды білдіремін. Әскери қызметтеріңіз абыройлы, қадамдарыңыз нық, рухтарыңыз биік болсын! Ел шекарасы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!» — деді қала әкімінің орынбасары.


Мерзімді әскери қызмет — жастардың тәртіпке, төзімділікке және жауапкершілікке баулынып, өмірлік тәжірибе жинақтайтын маңызды кезеңі.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🌟Семейде сарбаздарды әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салды Семей қаласында «Шекара абыройы — ел сенімі» атты жас сарбаздарды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев, әскерге…
🌟В Семее торжественно проводили призывников на воинскую службу

В Семее состоялась торжественная церемония проводов призывников на срочную воинскую службу «Шекара абыройы — ел сенімі». В мероприятии приняли участие заместитель акима города Асет Баймурзаев, призывники и их родители.

Обращаясь к молодым людям, отправляющимся исполнять свой гражданский долг перед Родиной, Асет Баймурзаев пожелал им доброго пути и подчеркнул, что воинская служба требует большой ответственности, а защита мирной жизни и неприкосновенности границ страны — почётная обязанность каждого гражданина.

«Впереди у вас новый этап жизни — воинская служба. Уверен, что за это время ваша любовь к Родине станет ещё крепче, закалится характер и укрепится чувство ответственности. Желаю каждому из вас с честью исполнить воинский долг и вернуться домой живыми и здоровыми, подарив радость родителям и близким.
Особую благодарность выражаю родителям, которые воспитали достойных сыновей и подготовили их к исполнению гражданского долга перед Отечеством. Пусть ваша служба будет достойной, шаги — уверенными, а дух — несгибаемым! Пусть границы нашей страны будут надёжно защищены, а в каждом доме царят мир и спокойствие!» — сказал заместитель акима города.


Срочная воинская служба — важный этап в жизни молодых людей, который воспитывает дисциплину, стойкость и ответственность, а также позволяет приобрести ценный жизненный опыт.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌟Семейде сарбаздарды әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салды
——
🌟В Семее торжественно проводили призывников на воинскую службу

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🦁Қала күніне орай тұрғындар Биологиялық орталықты тегін тамашалады

Қала күніне арналған мерекелік апталық аясында 15 қыркүйек – «Семей – мейірімді қала» күні Биологиялық орталық тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.

Бұл күні орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары жануарлар әлемін тамашалап, табиғаттың алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік алды. Отбасымен бірге келген келушілер үшін бұл күн қызықты әрі танымды демалысқа ұласты.

Мұндай іс-шаралар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға баулиды. Сондай-ақ отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Семей – мейірімді қала» күні аясындағы игі бастама қала мерекесіне ерекше жылылық сыйлап, тұрғындардың бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM