Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
——
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтетін орындарды аралап, дайындық жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, Степной кентіндегі бәйге алаңы мен гала-концерт өтетін Республика алаңына барды.
🎤Ал Республика алаңында мерекелік гала-концертке арналған бас сахна құрылып жатыр. Мұнда тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік іс-шаралар өтетін барлық орындарда сауда және тамақтану нүктелерін орналастыру жоспарланған. Бұл келушілерге қолайлы жағдай жасап, жергілікті кәсіпкерлерге өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Дайындық барысында аумақтарды абаттандыру, тазалықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілерге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Аким города Адлет Нурсагатович посетил места проведения праздничных мероприятий, посвященных Дню города, и ознакомился с ходом подготовительных работ. В частности, он побывал на площадке для проведения байге в поселке Степной и на площади Республики, где состоится гала-концерт.
🎤На площади Республики продолжается монтаж главной сцены для праздничного гала-концерта. Здесь жителей и гостей города ждет масштабная концертная программа.
На всех площадках проведения праздничных мероприятий планируется разместить торговые точки и пункты общественного питания. Это позволит создать комфортные условия для посетителей и предоставит местным предпринимателям возможность представить свою продукцию.
В ходе осмотра внимание было уделено вопросам благоустройства территорий, поддержания чистоты, обеспечения общественной безопасности и создания удобств для жителей и гостей города.
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қала күніне орай Семейде «Семей – жүрегімдегі қала» атты мерекелік концерт өтті. Қаланың бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеп, еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналған кешке қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы қатысты.
Шаһар тұрғындарын мерекемен құттықтаған қала әкімі Семейдің ел тарихындағы ерекше орнына тоқталып, қаланың басты байлығы оның дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтар екенін атап өтті.
«Семейдің тарихы – елдігіміздің, ұлттық рухымыз бен руханиятымыздың ажырамас бөлігі. Сондықтан биылғы мерекеміздің «Семейді сүю – тарихқа бас ию!» тақырыбымен өтуінің мәні терең. Мерекелік бағдарламаның өзегінде туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекке құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және береке-бірлік құндылықтары жатыр. Бүгінгі «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік концерті мен «Үздік маман – 2026» марапаттауы қаламыздың дамуына күнделікті адал еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналды», – деді Әділет Нұрсағатұлы.
Концерттік бағдарламада Семейдің тарихы сахна тілімен баяндалып, шаһардың рухани келбеті көркем қойылымдар мен ән арқылы көрініс тапты. Дәстүрлі әндер ұлттық өнердің тереңдігін танытса, заманауи туындылар кешке ерекше серпін берді. Тарих пен бүгінгі күн, дәстүр мен заманауи өнер үйлесім тапқан бағдарлама көрерменге туған қаланың қадірін сезіндіретін мазмұнды кеш ұсынды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM