Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥇Бәйгеде топ жарған шабандоздар марапатталды
——
🥇Награждены победители и призеры бәйге

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏋🏻Қала күніне арналған спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды

Семейде Қала күніне орай арқан тартыс, гір көтеру және қол күрестен жарыстар өтті. Қатысушылар күш-қайраты мен төзімділігін, ептілігі мен командалық бірлігін сынға салды.

Тартысты бәсекелердің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.

🏆 Арқан тартыс:
🥇 1-орын – Жарма ауданының командасы;
🥈 2-орын – «Барыс» тобы;
🥉 3-орын – «Шолпан» тобы.

🏆 Гір көтеру
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
🥇 1-орын – Жанабеков Тілеужан;
🥈 2-орын – Амантай Сұлтан;
🥉 3-орын – Сапарғалиев Рүстем.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
🥇 1-орын – Омаров Даурен;
🥈 2-орын – Имамбаев Айдар;
🥉 3-орын – Фильчаков Игорь.

🏆 Қол күрес
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
🥇 1-орын – Ықыласұлы Елдос;
🥈 2-орын – Иманжолов Артур;
🥉 3-орын – Серікұлы Райымбек.

70 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
🥇 1-орын – Қыздарбеков Ерсұлтан;
🥈 2-орын – Сқақбеков Шыңғыс;
🥉 3-орын – Аманбекұлы Бауыржан.

Салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттырған жарыстар қала мерекесінің көркін қыздырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🏋🏻Қала күніне арналған спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды Семейде Қала күніне орай арқан тартыс, гір көтеру және қол күрестен жарыстар өтті. Қатысушылар күш-қайраты мен төзімділігін, ептілігі мен командалық бірлігін сынға салды. Тартысты бәсекелердің…
🏋🏻В Семее наградили победителей спортивных соревнований ко Дню города

В Семее в честь Дня города прошли соревнования по арқан тартыс, гиревому спорту и армрестлингу. Участники продемонстрировали силу, выносливость, ловкость и командную сплочённость.

По итогам напряжённой борьбы были определены и награждены победители и призёры.

🏆 Арқан тартыс:
🥇 1-е место — команда Жарминского района;
🥈 2-е место — команда «Барыс»;
🥉 3-е место — команда «Шолпан».

🏆 Гиревой спорт
Весовая категория до 90 кг:
🥇 1-е место — Жанабеков Тилеужан;
🥈 2-е место — Амантай Султан;
🥉 3-е место — Сапаргалиев Рустем.

Весовая категория свыше 90 кг:
🥇 1-е место — Омаров Даурен;
🥈 2-е место — Имамбаев Айдар;
🥉 3-е место — Фильчаков Игорь.

🏆 Армрестлинг
Весовая категория до 70 кг:
🥇 1-е место — Ыкыласулы Елдос;
🥈 2-е место — Иманжолов Артур;
🥉 3-е место — Серикулы Райымбек.

Весовая категория свыше 70 кг:
🥇 1-е место — Кыздарбеков Ерсултан;
🥈 2-е место — Скакбеков Шынгыс;
🥉 3-е место — Аманбекулы Бауыржан.

Соревнования стали яркой частью празднования Дня города, способствуя популяризации здорового образа жизни и повышению интереса к спорту. Поздравляем победителей и призёров!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Құрметті семейліктер!

Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Семей — ұлылардың ізі қалған, Алаштың арманын асқақтатқан, тарихы терең, рухы биік қасиетті шаһар. Туған қаламыздың өткені — мақтанышымыз, бүгіні — ортақ еңбегіміз, ал жарқын болашағы — баршамызға аманат.

Қаламыздың басты байлығы — оның еңбекқор, кеңпейіл, туған жеріне жанашыр тұрғындары. Семейдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, әрбір игі бастамаға қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен қалаға деген сүйіспеншіліктеріңіз — шаһарымыздың дамуына серпін беретін үлкен күш.

Алдымызда қаламызды көркейтіп, әрбір тұрғынға жайлы орта қалыптастыру жолында ауқымды міндеттер тұр. Бірлігіміз бен берекемізді сақтап, осы мақсаттарға бірге жететінімізге сенімдімін.

Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, отбасыларыңызға қуаныш пен құт тілеймін! Сүйікті Семейіміз гүлденіп, мерейі асқақтай берсін!

Қала күні құтты болсын, қадірлі жерлестер!

Ізгі ниетпен,
Әділет Нұрсағатұлы
Семей қаласының әкімдігі
⚜️Құрметті семейліктер! Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Семей — ұлылардың ізі қалған, Алаштың арманын асқақтатқан, тарихы терең, рухы биік қасиетті шаһар. Туған қаламыздың өткені — мақтанышымыз, бүгіні — ортақ еңбегіміз, ал жарқын болашағы…
⚜️Уважаемые семейчане!

От всей души поздравляю вас с Днём города!

Семей — город с богатой историей и сильным духом, хранящий наследие великих личностей и высокие идеалы Алаша. Прошлое родного города — наша гордость, настоящее — результат совместного труда, а его светлое будущее — наша общая ответственность.

Главное богатство нашего города — его трудолюбивые, доброжелательные жители, искренне любящие родную землю. Выражаю сердечную благодарность всем, кто вносит вклад в процветание Семея и поддерживает добрые начинания. Ваш добросовестный труд и любовь к городу — огромная сила, придающая импульс его развитию.

Перед нами стоят масштабные задачи по благоустройству города и созданию комфортной среды для каждого жителя. Уверен, что, сохраняя единство и согласие, мы вместе достигнем намеченных целей.

Желаю каждому дому благополучия и достатка, каждой семье — здоровья, счастья и радости! Пусть наш любимый Семей процветает, а его слава приумножается!

С Днём города, дорогие земляки!

С наилучшими пожеланиями,
Адлет Нурсагатович
✅Семейде Қала күніне арналған мәдени іс-шаралар өтті

Қала күніне орай Арбат алаңында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жәрмеңкені аралап, шеберлердің жұмыстарымен танысты.

Қолөнер шеберлері өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақыш пен шеберлік үйлескен туындылар мерекелік шараның сәнін келтіріп, халқымыздың қолөнер мұрасын паш етті.

Сонымен қатар орталық алаңда балалар арасында «Семейім – жүрегімнің төріндесің» атты қалалық өнер фестивалі өтті. Жас өнерпаздар өз таланттарын ортаға салып, туған қалаға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді.

Мерекелік іс-шаралар аясында кітап көрмесі де ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына ұсынылды. Өнер мен руханият тоғысқан шаралар қала мерекесінің мазмұнын байытып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM