🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Брат, туған күнің құтты болсын! Зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеймін! Отбасыңмен ұзақ, бақытпенен шаттыққа толы ғұмыр кеше бер! Алға қойған үлкен белестеріңді бағындырып, сені биік жерлерден көре берейік! Бала-шағаң өсіп-өніп, сені қуанта берсін!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Сізді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын!

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті.
Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес!

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр!

Сізе қызметіңіздің келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспін!

Мерейлі мереке күні қарсаңында сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяңызға амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін!

#кәсібимереке
#профессиональныйпраздник
#деньфинансистов
#қаржыгерлеркүні
Досым, туған күнің құтты болсын! Біріншіден денсаулығың мықты болсын! Екіншіден отыңның басы және туыс бауырларың аман болсын! Үшіншіден қатарыңнан қалмай, даже озып, биік шыңдарды бағындыра бер!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Ерла брат, сені шын жүректен туған күніңмен құттықтаймын!
Денсаулығын мықты болсын! Бала-шағаң көп болсын!
Жақындарыңды қуантып жүре бер 👍!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Сізді 1 желтоқсан — Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы — татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Отбасыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

#мемлекеттікмереке #госпраздник
#1желтоқсан #1декабря