Сізді жас қосуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете беруіңізге тілектеспін.
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып,
өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіз деп тілеймін! 🤲🤲🤲
#туғанкүн
#универсал
#әмбебап

Жаңа 2021 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Сиыр жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!
#жаңажыл #новыйгод

Достар! Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!- дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!
#жаңажыл #новыйгод
#жаңажыл #новыйгод
Аяулы дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын!
Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан-жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!
Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.