🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

#туғанкүн
#универсал
#әмбебап
#видеоқұттықтау
#видеопоздравление
Құрметті .........!

Сізді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын өзім әрқашан да мақтан тұтамын.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін!

#отанқорғаушыларкүні
#деньзащитника
Армысыздар, ардақты азаматтар!
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілеймін.
Бүгінгі Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!

#отанқорғаушыларкүні
#деньзащитника
⚠ Құрметті достар! Назар аударыңыздар!

📣 Сіздер білетін боласыздар менде осы телеграм каналдан басқа қосымша инстаграм парақша бар.
👉www.instagram.com/semiztilekvip

👍 Ұзын сөздің қысқасы - жасаған еңбегімді лайк / коммент / репост жасап, сақтап қоюларыңызды сұраймын. Себебі менің еңбегімнің жалғыз марапаты - бұл лайк / коммент / репост.

⚜ Сіздерге менің еңбегім ұнап жатқандығын көрген кезімде, одан әрі жігерленіп, жобамды дамытуға тырысамын.

Менің инстаграм парақшамда:
❤️ - лайк басуды
😋 - коммент жазуды
👯‍♂ - достарыңызбен бөлісуді
📩 - репост жасауды ұмытпағайсыздар!

Ізгі ниетпен SEMIZTILEKVIP каналының админі

PS: негізгі жұмысымда жұмыс көлемі ұлғайып, соңғы кезде еш күш-жігер қалмай жатыр просто ☺️
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Атаға - бауырына басқаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін,
Сізге - бар болғаныңыз үшін алғысым шексіз!

#алғысайтукүні
#1наурыз
#деньблагодарения