Ертең Алла бұйырса əрбір шаңырақтың төрінен орын алатын Жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Баршаңызға Құт, Береке, Сәттілік пен Табыс, Қуаныш пен Бақыт, Денсаулық пен Күш-Жігер, Мереке мен Шаттық, Мейірім мен Махаббат, Тілеймін!!!
Шаңырақтарыңыз шаңыраққа жалғасып өрісіңіз кеңейіп,
ата-аналық парыздарыңыз алдыңыздан еселеп қайтып, мәуелі ағаштай жемісті болсын. Ұлдарыңыз алып қырандай, белі қайыспайтын нардай болсын! Қыздарыңыз періштедей пəк, еліктей нәзік болсын!!
Дастарқаныңыз асқа толы, жүрегіңіз жақсылыққа толы болсын!
Жаңа Жылдарыңызбен!
#наурыз

Құрметті достар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – татулық пен достықтың, ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі.
Тереңнен тамыр тартатын осынау мейрам Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта түлеп, ұлт руханиятының өрісін кеңейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурызда қоғамды ұйыстырар құндылықтарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан еді. Шын мәнінде, алдағы уақытта мерекенің мән-мазмұнын одан әрі арттыра түскеніміз абзал.
Келіп жеткен жаңа жылымыз еліміз үшін құтты да қайырлы болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

Туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін!
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
#туғанкүн
#универсал
#әмбебап

Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.
Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.
Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.
#туғанкүн
#қарындас
#сестренка
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.
Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.
Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.
#туғанкүн
#қарындас
#сестренка
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – $$ жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отыр сіз!
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз!
Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз!
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі!
Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдіміз!
Бүгінгі мерейтойыңызда, Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
#туғанкүн
#коллега
#әріптес
#госслужащий
#мемлекеттікқызметкер