🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Аға, жеңеше, мама, папа! Бикош пен Дикоштың туған күндері құтты болсын! Балапандар болашақта туған елінің түтінін ұшыру төскейіндегі адал да нәтижелі перзенттері болсын! Екеуі де қатарынан қалмайтын, табандары тасқа таймайтын тарланбоз қос батыр болсын! Отбасыңызға ынтымақ ұялап, ырыс дарысын! Туған күндері құтты болсын! 😘😘😘😘🥳

#туғанкүн
#племянник
#сестренка
#братишка
Бұл дүниенің ең қызығы - немере,
Қанат жайып өсе берсін кереге!
Шаңыраққа уық болып шаншылып,
Келе берсін немере мен шөбере!

Оның иісі елден ерек тамаша,
Жүрегіңнің соғуы да жаңаша.
Шайға салған қант секілді ерисің,
Ата деген бір сөзіне балаша.

Сұрағанын іздеп тауып бересің,
Шаршасаң да жүрші десе ересің.
Барған жерде қонақтардан ұялмай,
Дастарханнан кәмпиттерді тересің.

Мәз мейрамсың оның әрбір ісіне,
Іздейсің кеп көрінбесе көзіңе.
Өмір бойы армандаған бақытың,
Осы емес пе іздегенің өзіңе?

Өз балаңнан ыстық болар немере,
Немересі жоқ адамдар сене ме?
Шаңыраққа уық болып қадалып,
Тола берсін немере мен шөбере!

#туғанкүн
#внук
#внучка
#немере
Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар, көз көзді Болат бауырымызды шын жүректен, ақ пейілмен құттықтамай, өзіме орын таппай жүрген ем, жақсы болды!

Құрметті Болат байсалды, мәрт бір сөзбен айтқанда - нағыз қазақи жігіт. Парламенттің жоғарғы палатасында жолым болып, өзіңізбен танысқаныма қуаныштымын.
Еліміздің дамуына үлес қосып, әр азаматтың өмірін жақсартатыныңызға бізде еш күмән жоқ. Болашағыңыз жарқын болғай.

Маған деген ағалы ақ-жарма тілектеріңіз, келелі кеңестеріңіз жадымнан кетпеген және кетпейді!
Сіз-біздігіміз жылдарға артып, балашағамызға ұлассын!

#туғанкүн
#родной
#друг
#дос
​​Жеңеше, туған күніңіз құтты болсын! Отбасыңыз аман болсын! Аңсаған армандарыңыз орындалсын! Дендеріңіз сау болсын! Жасыңызға жас қоса беріңіз! Ағам екеуіңіз ұзақ жасап бастарыңыз бір жастықта қартайсын! Осылай әдемі болып журе беріңіз! 🎂🎂😘

#туғанкүн
#жеңге
#жеңеше
Алике бауырым! Мансиктің туған күні құтты болсын! Келін екеуің асылдың сынығындай сақтап, бағып-қағып келе жатқан құлындарың қатарынан қалмай, табаны тастан таймайтын тарланбоз нағыз жігіт болып өссін! Шаңырақтарыңа береке байланып, ынтымақ ұялап, ырыс дарысын! 🎂🎂🎂🎂🎂

#туғанкүн
#ребенок
#нәресте
​​Әке, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! ❤ Жүзіңізден күлкі кетпесін! Аспаныңыз ашық 🌙, жұлдызыңыз жарық болсын! ✨ Ең бастысы, деніңіз сау болсын💪! 100 жасаңыз Мама екеуіңіздің бастарыңыз бір жастықта қартайсын 👩❤👨!

#туғанкүн
#папа
#әке
🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
#курбанайт #құрбанайт
Құрбан айт мерекесі құтты Отбасыңыз аман, деніңіз сау, бауырыңыз бүтін болсын! Шаңыраңызға береке байланып, ынтымақ ұялап, ырыс дарысын! Құрбан айттан құрбан айтқа жете берейік!

#курбанайт
#құрбанайт
🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
#курбанайт #құрбанайт
Құрметті достар, кұрбы-құрдастар, мұсылман бауырлар !!!!🤗 Келе жатқан құрбан айт мерекесі құтты болсын 💐🌷🎉 Алланың нұры жауып, құрбан айттағы шалған құрбандықтарыңыз қабыл 🐑🐂🐪 болсын, денсаулықтарыңыз мықты, жанұяларыңыз 👪👩‍👩‍👦‍👦👯👭 аман, еңбектеріңіз табысты 💰💵💴💶💷 , 🏡-ізде қуанышатар көп болсын, Алланың берер нәсібі молынан болып, дастарханымызда 🍔🍯🍏🍎🍐🍌🍋🍊🍧🍡🍩🍪🍢🍘 тағамдар, ырзық-несібемізді Алла үзбей беріп, амандық, саулықта, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт заманда, Қазақ еліміздің 🇰🇿 көк аспанында 🌞 күлімдеп, түнімізде 🌝 туып✨☀🌟 жарқырап, келер құрбан айтқа аман жетуді ЖАРАТУШЫ ЖАЛҒЫЗ ИЕМІЗ АЛЛА ТАҒАЛАМ нәсіп етсін !!!! 👏🤗💐🌹

#курбанайт
#құрбанайт