🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
«Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық», - деген сөз бар! Көрші, төл мерекең - туған күніңмен кұттықтаймын! Өмір өзгергенмен, арамыздағы сыйластық өзгермесін! Уақыт ұшқыр болғанмен, адал қарым-қатынасымыз сөнбесін! Әрдайым осы қалпыңнан өзгермей нағыз азамат, адал дос және бақытты отағасы болып жүре бер! Өзіме не тілесем, саған соның барлығын тілеймін көрші!

#туғанкүн
#сосед
#көрші
​​Менің қадірлі бауырым!

Бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Жасың кіші болса да, бойыңнан табылған көшбасшылыққа, қарапайымдылық пен мейірімділікке қызыға қараймын. Осы қасиеттеріңнің арқасында діттеген мақсаттарыңа жетіп, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін!

Бүгін ғана емес, әр атқан таңда саған шын жүректен әлемнің бар жақсысы мен асылын, қуанышы мен бақытын тілеуден жалыққан емеспін. Сүйікті ісің мен жақсы көрген адамың мәңгілік серігің болсын!

Қайда жүрсең де, менің өзіңе тілекші екенімді, қиын сәтте қол ұшын созып, қуанышыңа бір кісідейін атсалысуға дайын екенімді ұмытпағайсың. Алла-тағала пешенеңе тек бақытты күндерді жазсын!

#туғанкүн
#братишка
Абайдың тұғанына ертең 175 жыл!

Жастықта бір күлгенің - бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық.
Қадірменді әріптестер-жалпы ҚАЗАҚ қауымы! Бүгінгі Республикамызда Абай күні бірінші рет ресми түрде аталуда. Құтты болсын!
Баршаңызды халқымыздың рухы, ұлтымыздың ұраны- АБАЙ атамыздың туған күнімен құттықтаймын! Абайдың мұрасы барлығымызға рухани азық болсын!

#абай175
​​Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді - қара орманға айналды.

Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

#туғанкүн
#бабушка
#әже
🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️ pinned «🙂👋Ребята, всем привет! 🤟 ⚜Хотите сэкономить ваше время для написания поздравлений с днем рождения на казахском языке + хорошая открытка? ⚜ Изначально Канал создан был чисто для себя. Я испытывал трудности при поздравлении родственников в поисках и подборе…»