🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
Photo
Мынаның видео жасаған құттықтауым!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
(C) Ғафу Қайырбеков
Құрметті @@@! Сізді мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақта «Бір əріп үйреткенге қырық жыл сəлем бер» - деген сөз бар! Одан бөлек «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген екен Мағжан Жұмабайұлы атамыз!
Себебі ұстаз – бұл тұлға қалыптастыратын жан. Ал адамның болмысын, ұстанымын, өмірлік жолын айқындап, беймәлім әлемді танып, қоғамнан өзін тауып, тұғырына қонуда темірқазық іспетті жол көрсетуден асқан қандай да ұлы іс болуы мүмкін емес!
Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін!
Еңбектеріңіздің жемісін көріңіз!
Оқуда озат, үлгілі, үздік оқушыларыңыз көп болсын!
Ізгі-ниетпен -----------
#деньучителя
#ұстаздаркүні
#кәсібимереке
#профессиональныйпраздник

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі.
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Құрметті @@@!
Сізді Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасында отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдері қашанда халыққа сенімді қызмет етуде және мемлекетіміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қорған болып келеді!
Осы бір тамаша күнде өзіңізге мықты денсаулық, таусылмайтын күш-қуат, жанұяңызға амандық, ісіңізге табыстар мен кәсіби салада жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз!
#қорғанысөнеркәсібікүні

Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін.
Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын.
Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!
#туғанкүн
#мама
#анашым