🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Жезде, туған күніңіз құтты болсын!!! Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз қуаныш пен бақытты күндерге толы болсын! Алланың назарында, бақыттың базарында әпкем екеуіңіз жүре беріңіздер. Ұл-қыздарыңыздың тек қызықшылығын , жақсылығын көре берніңіздер!!
Бүгінгі айтылып жатқан ізгі тілектер Алланың қалауымен орындала берсін!

#туғанкүн
#жездешка
#жезде
Көңіл айту АНАСЫНА

Аяулы анаңыздың дүниеден өтуіне байланысты сізге және отбасыңызға ортақтасып көңіл айтамын.
Ардақты анаңыз ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырды.
Ғұмырын адал еңбек пен абыройлы мақсатқа арнаған қадірлі анаңыздың ақжарқын асыл бейнесі барша жақындарының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. 😔

#көңілайту
#соболезнование
Қадірлі достар! Біздің инстаграм мекен-жайымыз өзгеріп кетті. Барлық керексіз нәрселерді алып тастап басынан бастаудамыз!!! Бірге бастайық! 🙂

Мекен-жайымыз: @SEMIZTILEKVIP
Қайырлы таң, түн, сәттілік деген открыткаларды инстаграмда алып тастайық па?
Final Results
30%
Ия! Алып таста
46%
Жоқ, ол керек.
25%
Не ол?))) 😁
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін!
Сені тек биіктерден көрейік!
Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін!
Отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлеймін!

#туғанкүн
#универсальный
#әмбебап
Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

#туғанкүн
#универсальный
#әмбебап
Қадірлі әріптесім, ұжымда сіздей адам барда ешнәрседен қорықпаймыз. Алдымызда кездескен қиындықтарды қасқайып күтіп алып, оларды өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыр-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің арқасы. Туған күніңізбен құттықтай отырып, жастық келбет пен пысықтығыңыз сізге мәңгілік серік болсын деп тілеймін! Жұмыс күнделікті кішігірім мерекеге айналып, үйіңізде әрдайым жақындарыңыз күлімсіреп қарсы алсын. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, қалтаңыз қалыңдасын! Ең бастысы, деніңіз сау болып, осы жастың әлі онын жасаңыз!

#туғанкүн
#коллега
#әріптес