🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
АЙНАЛАЙЫН БАЛАМ / ҚЫЗЫМ!
Әрбір бала қай отбасында дүниеге келетінін өзі таңдайды дегенді естіп едім. Сенің біздің отбасымызда дүниеге келгеніңе бірінші Аллаға, екінші саған алғыс айтамын. Ұйқысыз түндердің көп болғанына қарамастан, өмір атты үлкен жолда алғашқы қадам жасауға көмектесу біз үшін үлкен қуаныш болды. Баға жетпес алтыным, өмір жасың ұзақ болсын! Саған осы күнге дейін жақсы тәрбие бердік сенімдемін. Қайда жүрсең де, абыройлы да арлы бол. Өмірден өз орныңды таба біл. Өміріміздің үлкен өзен іспеттес екенін жиі айтып жүремін. Осы өзенде алдыңнан кездескен қайғы-қиындықтардан жеңіл өтіп, жүрегіңнің иесін жолықтырып, бақыт сарқырамасына бірге жетуіңе тілектеспін!

#туғанкүн
#сын
#дочь
#балам
#қызым
Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.

#туғанкүн
#универсал
#әмбебап
Қайырлы таң барлықтарыңызға! Сәттілік тілеймін! 😘

#қайырлытаң
#доброеутро
«Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
Асеке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!

#туғанкүн
#мужчина #еркісі
#друг #дос
#знакомый #таныс
#коллега #әріптес
@@@ аға, сізді жас қосқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін!
Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін!
Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз
биіктей берсін!

#туғанкүн
#коллега #әріптес
#аға #дядя #көке
#универсал #әмбебап
#мужчина #еркісі
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймын!
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

#туғанкүн
#ребенок
#балақай