🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Брат, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Айналамда жақсы адамдар көп, бірақ олардың бәрін бірдей адал дос деп айта алмаймын! Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен өзіңе лайықтының барлығын алғаныңды қалаймын. Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңға қойған мақсаттарыңа жете біл. Өзіңе ғашық жандар әдеттегідей көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!

#туғанкүн
#друг #дос
#родной
Брат, туған күнің құтты болсын! Зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеймін! Отбасыңмен ұзақ, бақытпенен шаттыққа толы ғұмыр кеше бер! Алға қойған үлкен белестеріңді бағындырып, сені биік жерлерден көре берейік! Бала-шағаң өсіп-өніп, сені қуанта берсін!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Сізді кәсіби мереке қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын!

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті.
Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес!

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр!

Сізе қызметіңіздің келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспін!

Мерейлі мереке күні қарсаңында сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяңызға амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін!

#кәсібимереке
#профессиональныйпраздник
#деньфинансистов
#қаржыгерлеркүні
Досым, туған күнің құтты болсын! Біріншіден денсаулығың мықты болсын! Екіншіден отыңның басы және туыс бауырларың аман болсын! Үшіншіден қатарыңнан қалмай, даже озып, биік шыңдарды бағындыра бер!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Ерла брат, сені шын жүректен туған күніңмен құттықтаймын!
Денсаулығын мықты болсын! Бала-шағаң көп болсын!
Жақындарыңды қуантып жүре бер 👍!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг