🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
@@@ брат туған күнің құтты болсын! Біріншіден денсаулығың мықты болсын! Екіншіден отыңның басы және туыс бауырларың аман болсын! Үшіншіден қатарыңнан қалмай, даже озып, биік шыңдарды бағындыра бер!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бізге подписчиктер берген заказдардың бірі) ☺️ Достар сіздердің лайктарыңыз біз үшін өте маңызды! 🙂
Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

#мемлекеттікмереке #госпраздник
#16желтоқсан #16декабря #деньнезависимости #тәуелсіздіккүні
Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді.
Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

#мемлекеттікмереке #госпраздник
#16желтоқсан #16декабря #деньнезависимости #тәуелсіздіккүні
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

#мемлекеттікмереке #госпраздник
#16желтоқсан #16декабря #деньнезависимости #тәуелсіздіккүні