🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Құрметті досым!
Мерейлі мерекең құтты болсын!
Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып,
ақ тілегін жаудырсын!
Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын!
Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес,
ниеттес адамдар көбейе түссін!
Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеймін Өзіңе!

#туғанкүн
#дос
#родной
#друг
Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Деніңізге саулық, басыңызға бақ, шаңырағыңызға шаттық тілеймін! Қадамыңызға нұр жаусын! Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! 🤲🤲🤲
Махаббаттан көзіңіз ашылмасын, шоколадтан дастарханыңыз басылмасын! 🤲🤲🤲🤲 🎉🎉🎉 Жегеніңіз торт, ішкеніңіз компот болсын!

#туғанкүн
#универсальный
#әмбебап