🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сізге арнаймын:
* * * *
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

#8наурыз
#8марта
Міне, 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!

#8наурыз
#8марта
8 Наурыз 2021 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

#8наурыз
#8марта
Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

#8наурыз
#8марта
Құрметті апажаным!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

#8наурыз
#8марта
Қымбатты ханымдар!
8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

#8наурыз
#8марта
🤯Құрметті достарым!
📣Орыс тіліндегі "загадай желание" қазақ тіліне қалай аударылады???
Таба алмай отырмын! Көмек беріңдер! 🙂 Комментке жазыңдар күтемін! 😊👋
Көрісу – Қазақ елінің батыс аймағында кең таралған мереке.

Оны «Көрісу айт»,«Көрісу амалы» деп те жатады. Негізінен, ұлттық нақыштағы жаңа жылдың бастауы ретінде қабылданады. Наурыз айының 14-іне тура келеді. Бірақ бір ғана күнмен шектеледі деген сөз емес.

Көрісу – ең ізгі мерекелердің бірі. Бұл күні жақын-туыстар бір бірін іздеп, қонаққа барып, жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Əсіресе, қариясы бар үйлерге жастар, балалары сəлем бере барады. Қыстан аман-есен шығып, жаңа жылда бас қосқан жұрт өзара ақ ниеттерін жаудырады. Осы мерекеге орай «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деген тілектер жиі айтылады.

Таңертеңнен бастап үлкен-кішіге мерекелік көңіл күй анық сезіліп тұрады. Бала кезімізден үйдегі үлкендер ерте оятып, көршікөлемге, жақын-туысқа көрісіп келуге
жіберетіні есімізде. Барған үйдің атаəже, аға-апалары саған батасын беріп, тəтті дəмнен ұсынады. Осының бəрі – елді ынтымақ, бірлікке, тəртіпке шақыратын амалдар.

Көрісудің басты белгісінің бірі ретінде: адамдар өзара қос қолын ұсынып, содан кейін төс түйістіре құшақтасып амандасады. Ел ішінде келіспеушілік пен түсініспеушілік орын алған болса, осынау мейрам күні жойылады деген сенім бар. Яғни өкпереніш атаулы түгел тарқап, кешірім үстемдік құрады. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Өкпешіл болма, кешірімшіл бол», «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақтың мақал-мəтелдері көрісу айты сынды ұстанымдардан қалыптасқанына сенесің. Өйткені наурыздың осы күндері бүкіл дүние жайнап, жадырап тұрады.

Адамдардың көтеріңкі көңіл күйі табиғаттың жайма-шуағымен əсем үй лесім табады. Бұл – өмірге жаңаша қарауға шақыратын, алдағы күндерден тек қана үміт күтіп, көк темнің келуімен көңіл жайланатын мезгіл.

Біздің ауылдарымызда бақилық болған құрбандарға көрісуден бір күн бұрын тағзым ету дəстүрі де бар. Оны «Өткенге салауат айту», «Өлі жебемей, тірі байымайды» деп алдыңғы буынға құрмет ретінде сезінеміз. Сол арқылы адамзаттың сабақ тастығын сыйлау, кешегіңді ұмытпау арқылы келешегіңе сенім білдіру ниеті көрінеді.

Көрісу айты туралы кең тарқата əңгімелеп жүру, оны атап өту ауқымын кеңейте түскеніміз дұрыс деп ойлаймыз. Адам баласының жүрегіне сезім, көңілінде сəуле байытатын мұндай мерекелердің берері мол.

#дәстүр