🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
8 Наурыз 2021 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

#8наурыз
#8марта
Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

#8наурыз
#8марта
Құрметті апажаным!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

#8наурыз
#8марта
Қымбатты ханымдар!
8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

#8наурыз
#8марта
🤯Құрметті достарым!
📣Орыс тіліндегі "загадай желание" қазақ тіліне қалай аударылады???
Таба алмай отырмын! Көмек беріңдер! 🙂 Комментке жазыңдар күтемін! 😊👋
Көрісу – Қазақ елінің батыс аймағында кең таралған мереке.

Оны «Көрісу айт»,«Көрісу амалы» деп те жатады. Негізінен, ұлттық нақыштағы жаңа жылдың бастауы ретінде қабылданады. Наурыз айының 14-іне тура келеді. Бірақ бір ғана күнмен шектеледі деген сөз емес.

Көрісу – ең ізгі мерекелердің бірі. Бұл күні жақын-туыстар бір бірін іздеп, қонаққа барып, жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Əсіресе, қариясы бар үйлерге жастар, балалары сəлем бере барады. Қыстан аман-есен шығып, жаңа жылда бас қосқан жұрт өзара ақ ниеттерін жаудырады. Осы мерекеге орай «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деген тілектер жиі айтылады.

Таңертеңнен бастап үлкен-кішіге мерекелік көңіл күй анық сезіліп тұрады. Бала кезімізден үйдегі үлкендер ерте оятып, көршікөлемге, жақын-туысқа көрісіп келуге
жіберетіні есімізде. Барған үйдің атаəже, аға-апалары саған батасын беріп, тəтті дəмнен ұсынады. Осының бəрі – елді ынтымақ, бірлікке, тəртіпке шақыратын амалдар.

Көрісудің басты белгісінің бірі ретінде: адамдар өзара қос қолын ұсынып, содан кейін төс түйістіре құшақтасып амандасады. Ел ішінде келіспеушілік пен түсініспеушілік орын алған болса, осынау мейрам күні жойылады деген сенім бар. Яғни өкпереніш атаулы түгел тарқап, кешірім үстемдік құрады. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Өкпешіл болма, кешірімшіл бол», «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақтың мақал-мəтелдері көрісу айты сынды ұстанымдардан қалыптасқанына сенесің. Өйткені наурыздың осы күндері бүкіл дүние жайнап, жадырап тұрады.

Адамдардың көтеріңкі көңіл күйі табиғаттың жайма-шуағымен əсем үй лесім табады. Бұл – өмірге жаңаша қарауға шақыратын, алдағы күндерден тек қана үміт күтіп, көк темнің келуімен көңіл жайланатын мезгіл.

Біздің ауылдарымызда бақилық болған құрбандарға көрісуден бір күн бұрын тағзым ету дəстүрі де бар. Оны «Өткенге салауат айту», «Өлі жебемей, тірі байымайды» деп алдыңғы буынға құрмет ретінде сезінеміз. Сол арқылы адамзаттың сабақ тастығын сыйлау, кешегіңді ұмытпау арқылы келешегіңе сенім білдіру ниеті көрінеді.

Көрісу айты туралы кең тарқата əңгімелеп жүру, оны атап өту ауқымын кеңейте түскеніміз дұрыс деп ойлаймыз. Адам баласының жүрегіне сезім, көңілінде сəуле байытатын мұндай мерекелердің берері мол.

#дәстүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Саламатсыздар ма?

Әр бір шаңырақтың төрінен орын алатын Амал мерекесі кутты болсын!!! Баршаңызға құт береке, сәттілік пен табыс, қуаныш пен бақыт, денсаулық пен күш жігер, мереке мен шаттық, мейірім мен махаббат, құрмет пен абырой, игілік пен биіктік, байлық пен қанағат тілеймін.
Шаңырақтарың шаңыраққа жалғасып өрісіңіз кеңейе берсін. Отбастарыңыз аман, туған-туысқандарыңыз түгел, ырыс-несібелеріңіз мол, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз толағай болуын ЖАРАТҚАН ИЕМ нәсіп етсін! Жылдан жылға аман есен жетейік !

#көрісу
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қымбатты Отандастар, Қазақ жұрты!

Амал келді, жыл келді! Баршаңызды бүгінгі 14-наурыз Амал мерекесі-көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деген дана қазақ. Ренжіскенді татуластыратын, жабыққанды қуантатын, мейірімге толы, үлкенге ізет, кішіге ілтипат жасап, ақ бата алатын ұлықты мейрамда ұлттық салт-дәстүрге бай, дәстүрлердің жаңғыруы мен даму жолындағы барша Маңғыстаулық ағайынды келіп жеткен мерекесімен құттықтаймын!

Амалдан амалға амандық, жақсылық, жоғары жетістіктермен бірге жете берейік! Наурыз береке болып еніп, әр шаңыраққа құт болып дарысын!

#көрісу
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз, олицетворяет пробуждение природы, ее обновление и расцвет!
Вместе с теплом и надеждой, которые приносит Весна, Наурыз пробуждает в людях стремление к мирной жизни, добру и согласию. Глубокий смысл этого весеннего праздника особенно актуален сегодня.
В этот праздничный день от всей души желаю Вам крепкого здоровья и семейного благополучия, добра и счастья! Пусть Весна радует Вас своим теплом, и Наурыз подарит каждому надежду на лучшее, веру в успешную реализацию намеченных планов.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
#наурыз
#коллектив
#әріптестер
Жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Сізге және сіздің жанұянызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс тілеймін.
#наурыз
Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі Наурыз кұтты болсын! Ұлыстың ұлы күні:
Үлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Пәле-жала жерге еніп,
Қайда барса жол болсын!
- деп бұрынғы ата-бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен. Бұдан артық қандай ақ тілеу болуы мүмкін! Әрбір отбасыға тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілеймін!
#наурыз
Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай Жаса Наурыз мейрамы! Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! Елім, жұртым қадірлі аман болсын! Туғандай бір анадан жамағаттар Достыққа берік, мықты адал болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ жол болсын! Ұлы халқым тоқ болсын! Қайғы уайымы жоқ болсын! Қуаныштары көп болсын!
#наурыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт - дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.
Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

#наурыз
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі! Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы –
Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл,
бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#наурыз
Сіздерді көктемнің жарқын-ұлағатты мерекесі Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.
Қайта жаңараған Наурыздың тарихы – біздің тәуелсіздігіміздің тарихы! Біз көне тарихымыздан күш-қуат алып, тәуелсіздік туралы өз арманымызды жүзеге асырдық.
Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыстау (пандемия) кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін.
Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

#наурыз
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке-бірліктің, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Халқымыз жақсылықтың жаршысы ретінде Наурыз мейрамын үлкен үмітпен, қуаныш-шаттықпен қарсы алған. Табиғатта күн мен түн теңесетін бұл күн бүгінде елімізде жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Наурыз елімізге даму мен өркендеу, әр шаңыраққа құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, әрбір жаңа күн шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#наурыз