Туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін!
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
#туғанкүн
#универсал
#әмбебап

Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.
Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.
Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.
#туғанкүн
#қарындас
#сестренка
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.
Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.
Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.
#туғанкүн
#қарындас
#сестренка
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – $$ жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отыр сіз!
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз!
Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз!
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі!
Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдіміз!
Бүгінгі мерейтойыңызда, Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
#туғанкүн
#коллега
#әріптес
#госслужащий
#мемлекеттікқызметкер

Отбасыңыздың еркесі, мамасының жүрегі, патшасы, бұзығы, көз-қуанышыңыздың дүние есігін ашқан күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балапаныңыз қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат болсын!
Өмір жолы ешқашан адастырмай, әр басқан қадамына Алланың нұры жаусын!
Анасына шуақ, Әкесіне қуат болсын!
Ата-әжесін әрқашан қуантып жүре берсін ботақан!
#туғанкүн
#ребенок
#нәресте

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің!
Құтты болсын туған күнің, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін!
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған!
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген,
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен!
Бақ орнасын әрдайым басыңызға,
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға!
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
#туғанкүн
#әже
#бабушка
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің!
Құтты болсын туған күнің, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін!
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған!
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген,
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен!
Бақ орнасын әрдайым басыңызға,
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға!
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
#туғанкүн
#әже
#бабушка
Ассалаумағалейкум ағайын! Алланың қалауымен Міне бүгін кешке сағына күткен берекеті мен шапағаты мол Қасиетті рамазан айы да кіреді. Осы айда сізге жəне сіздің отбасыңызға, Алла Тағала жақсы көретін амалдарды жасап, Алланың сүйікті құлдарының қатарынан орын алуыңызға тілектеспін! Сізге қасиетті айда, тек қана жақсылық, қуаныш, ізгілік, отбасыңызға амандық, ағайын-туыстарыңызға ауызбіршілік, кəсібіңізге береке, адал табыс, пайдалы білім, кәміл иман, Алладан шынайы түрде қорқатын жүрек, қабыл болатын дұға, таусылмайтын таза ризық, шынайы тəубе мен Алланың алдында қабыл болған амалдарды тілеймін! Еліміз аман халқымыз тыныш болсын! 🙏 🙏 🙏
#рамазанайы
#рамазанайы
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
#туғанкүн
#универсал
#әмбебап
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!
#туғанкүн
#универсал
#әмбебап
ТУҒАН КҮНІҢ құтты болсын, жан қызым,
Ботам менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған жан қызым.
Мәпелеген қызғалдағым, жан қызым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман-ойың, тілегің!
Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.
Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Көз алдымда жүре берші, алтыным.
Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Бақытқа толы болсын ғұмырың!
#туғанкүн
#қызым
#дочь
Ботам менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған жан қызым.
Мәпелеген қызғалдағым, жан қызым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман-ойың, тілегің!
Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.
Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Көз алдымда жүре берші, алтыным.
Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Бақытқа толы болсын ғұмырың!
#туғанкүн
#қызым
#дочь
Бүгін менің жолдасымның анасы, балаларымның әжесі, өз анамдай болып кеткен екінші анамның төл мерекесі! Айналайын маматай, жасыңыз құтты болсын!
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай!
Жаңа жастың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Келін болып түсіп едім жасымнан,
Сипадыңыз бақыт тілеп басымнан.
Жаңа келген келінге ана болып,
Әулет болдық мерейі бір тасыған.
Кұтты болсын келген туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немерелер қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
#туғанкүн
#теща
#ене
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын сізге қарай!
Жаңа жастың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Келін болып түсіп едім жасымнан,
Сипадыңыз бақыт тілеп басымнан.
Жаңа келген келінге ана болып,
Әулет болдық мерейі бір тасыған.
Кұтты болсын келген туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немерелер қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
#туғанкүн
#теща
#ене
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Досым сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Жақсыға қарап бой түзе» деген қанатты сөз бар! Сені ойлаған кезімде ойыма осы тәмсіл жиі келеді!
Біреу меннен сені суреттеп бер деп өтініш айтса, мен сені ойланбастан келесідей сипаттап берер едім!
Сен мұхиттай шалқар ой қазынасы бар, нағыз қас жүйрік, еңселі тұлғасың!
Біреуге ағасың, біреуге інісің, жақындарыңа берілмес берік қалқансың, ал біреуге нағыз доссың! Досым деп айтатын адам сені кез келген қиыншылыққа еңсесін тік ұстап, білекті жұмылдыра қарсы тұратын, тебінгісінен түйе теңселер, қазақтың текті перзенттерінің бірі деп айтары сөзсіз!
Досым, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін!
Қадамыңа - гүл, келбетiңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн! Жасыңа - жас, басыңа - бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн!
Әрдайым сара жолдан айнымай, ойпаң орға жығылмай, көп қырлы, сан салалы, бесаспап нағыз өз ісінің кемеңгері бола бер! Сені тек биіктерден көрейік!
#туғанкүн
#дос
#друг
#видеоқұттықтау

Аяулы асыл анашым!
Сізді жас қосуыңызбен жүрегімнің түпкіріндегі перзенттік махаббатыммен шын жұректен құттықтаймын!
Анашым сіз менің жұмағымсыз.Сізге деген алғысым да, махаббатым да шексіз.
Тағдырдың жазуымен бұйырған гүліңізді бір өзіңіз аялап, жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін балалы болып жете түсінгендеймін. Торыққанда – ақылшымсыз, жабыққанда – сағынышымсыз.
Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілеймін! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!
Мына өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей!
#туғанкүн
#анашым
#мама

Қадірлі ұстазым туған күніңіз құтты болсын!
Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз!
Құрметті ұстазым, сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы ісіңізге толымды табыс тілеймін!
Отбасыңыздан бірлік, құт-береке кетпесін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге толы болсын!
#туғанкүн
#ұстаз
#учитель
Құттықтаулар-тілектер ¦ semiztilek

Туған күнің құтты болсын!!!
Жүзіңе шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!
Көңілің күлген күндей ашық болсын!
Сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын!
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып,
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын!