🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Жас түлек құрбы-құрдастарына айтатын тілек

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбыларым, құрдастарым!
Сендерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Құрметті достар, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін! Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!
Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқай беріңдер!
Өмірден өз орындарыңды адаспай тауып, бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армандарыңа сүрінбей жетіңдер!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
Ата-ананың жас түлекке және ұстаздарға айтатын тілегі

Жаным, балапаным, мен сенің әр қуанышың үшін бір жасап қаламын. Сенің балалық шағың осы мектептің қабырғасы мен өзің өскен үйде қалып қояды енді... Енді сен бой жетіп, болашақ атты пойызға мініп, жүргелі тұрсың. Мен сенің әр жеңісің үшін балаша қуанамын. Өйткені, сенің біздің үмітімізді қашанда ақтауға күш - жігерің мен білімі - танымың жетеріне сенемін! Болашағың жарқын болсын! Өмірге ғашық осындай қалпыңнан тайма! Күні - түні алған біліміңнің болашақта әперер асуы көп болсын!
Менің балама әріп танытып, сауатын ашып, қанатын қатайтқан құрметті ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда абыройларыңыз бен еңбектеріңізді шын сезініп, иіліп рақмет айтамын. Өйткені, сіздер төккен тер осыған лайық! Бала - шағаларыңыздың қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
Жас түлектің ұстаздарға айтатын тілегі

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деген ұлы Абай атамыз. Ұстаз – ұлағатты есім! Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанына мақтаныш етемін.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!
Сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспін!

#жастүлек
#соңғықоңырау
#последнийзвонок
Хэштегтер мәзірі – Меню хэштегов

🎂Туған күн - День рождения 🎂
#аға #ағатай #брат
#анашым #мама
#балам #сын
#басшы #руководитель
#бойжеткен #девушка
#братишка
#видеоқұттықтау #видеопоздравление
#группалас #одногрупник
#дос #друг #родной
#егіздер #близнецы
#ене #свекровь #теща
#еркісі #мужчина #знакомый
#әже #бабушка
#әке #папа
#әпке #сестра
#әріптес #коллега
#жезде #зять
#жеңше #жеңеше
#заңгер #юрист
#келін #невеста
#көке #дядя
#көрші #сосед
#күйеу #супруг
#қарындас #сіңілім #сестренка
#құрбы #подруга
#қызым #дочь
#қысқа #коротко
#қысқа #коротко
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий
#немере #внук #внучка
#нәресте #ребенок
#племянник
#ребенок #балақай
#туғанкүн
#универсал #әмбебап
#ұстаз #учитель

🎉 Той – Мерекелер – Праздники🎉
#16желтоқсан #16декабря #деньнезависимости #тәуелсіздіккүні
#1желтоқсан #1декабря
#1мамыр #1мая #бірліккүні
#7мамыр #7мая
#9мамыр #жеңіскүні #деньпобеды #9мая
#1наурыз #алғысайтукүні
#8наурыз #8марта
#наурыз
#абай175
#жаңажыл #новыйгод
#жастүлек #соңғықоңырау #последнийзвонок
#құрбанайт #курбанайт
#қызұзату
#мемлекеттікмереке #госпраздник
#мемлекеттікрәміздеркүні
#оразаайт
#отбасықұрғанкүн #годовщина
#рамазанайы
#тойғатілек #40жас #70жас #70лет #60жас #60лет
#тұсаукесер #малыш #первыешаги
#шілдехана #бесіктой
#конституциякүні #деньконституции
#1қыркүйек #білімкүні #1сентября

👋 Салемдесу – Приветствие – Пожелание – Тілектес болу 👋
#алғыс #рахмет
#бата
#дәстүр
#көңілайту #соболезнование
#көрісу
#қайырлытаң #доброеутро
#қайырлытүн #спокойнойночи
#махаббат #любовь
#сәттілік #удачи

💠 Әр түрлі – Всякое 💠
#әртүрлі
#махаббат #любовь
#өзқолыңменжаса #сделайсам
#прикол

👩‍🚒 Кәсіби мереке - Профессиональный праздник 👩‍🚒
#әділеторгандарыныңкүні #деньюстиции
#кәсібимереке #профессиональныйпраздник
#қорғанысөнеркәсібікүні #деньобороннойпромышленности
#мұғалімдеркүні #деньучителя
#тасымалдауқызметі #транспортнаяслужба
#отанқорғаушыларкүні #деньзащитника
#кәсібимереке #профессиональныйпраздник
#машинажасаушылар #деньмашиностроителя
#мемлекеттікмереке

⚜ ҚҰТТЫҚТАУЛАР-ТІЛЕКТЕР
@semiztilek
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – Қазақстан азаматтарының бостандығы мен құқықтарын, ар-ожданын, елдің тұтастығы мен бірлігінің кепілі. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

#мемлекеттікмереке
#госпраздник
#деньконституции
#конституциякүні