СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
📚Бүгін Астанада «Қазақтың ХХІ ғасырдағы дәстүрі мен құндылықтары» атты бірегей тұжырымдамалық жинақ көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутаттар, ғалымдар, сараптамалық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

🙂Мәулен Әшімбаев аталған рәсімнің мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілуінің символикалық мәніне назар аударып, бұл күнде бос науқанға жол бермей, терең мазмұн, дұрыс құндылықтар және ұзақ мерзімді бағдарды дәріптеудің маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол кітаптың ұлттық бірегейлікті нығайту және жаңа қоғамдық этика қалыптастыру жолындағы ерекше рөліне тоқталды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы бұл маңызды бағыттарға үнемі баса мән беріп келе жатқанын атап өтті.

Толығырақ

🚀senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – еркіндікті әйгілейтін және мемлекеттілікті айшықтайтын ұлық мейрам. Осы мерекеде ұлттың бірлігі бекемделіп, бірегейлігі нығая түседі. Халықтың отаншылдық сезімі артып, рухы асқақтайды.

Тәуелсіздік күнінде азаттық жолында басын бәйгеге тіккен арыстарымызды еске алып, рухтарына тағзым етеміз. Бағындырған белестерімізді саралап, алдағы бағыт-бағдарымызды айқындаймыз. Бұл – егемендіктің қадірін терең түсінуге және бабалар аманатына адал болуға серпін беретін маңызды қадам.

Ең басты міндет Тәуелсіздікті нығайту екені сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық реформасы осы ұлы мақсатқа табан тірейді. Аталған игілік жолында жұрт болып жұмыла білсек, елдігіміз одан әрі еңселене түсетіні анық.

Баршаңызды қастерлі мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына амандық пен бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Қазақ елі мәңгі жасай берсін!


Facebook желісіндегі жеке парақшасынан

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2👏1
Forwarded from Maxim Spotkay / Channel
⚡Завершается прием заявок на участие в «Школе аналитики»

Проект будет полезен всем, кто заинтересован в развитии аналитических навыков и стремится стать частью большого профессионального сообщества.

В рамках программы перед слушателями выступят ведущие казахстанские и зарубежные эксперты. Тема V потока - «SMART GOVERNANCE: данные, аналитика и искусственный интеллект для эффективного управления».

Обучение будет проходить с 17 января 2026 г. и продлится 8 недель. Занятия состоятся по субботам, в офлайн-формате. В рамках программы также предусмотрены экспертные и диалоговые сессии с руководителями центральных государственных органов.

По итогам обучения сформированные в рамках проекта команды подготовят аналитические материалы, которые будут использованы в деятельности Сената Парламента, а также направлены в профильные госорганы.

Опыт реализации предыдущих потоков показывает, что участие в Школе аналитики способствует развитию профессиональных компетенций и практической реализации инициатив, в том числе на республиканском и региональном уровнях.

Дедлайн подачи заявок — 18 декабря 23:59 часов.
Подать заявку можно здесь.

Более подробно о проекте – на сайте Сената.

t.me/mspotkay
⚡2👍2🔥1👏1
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерге ілеспе өзгерістер мен толықтырулар қаралды.

Отырыс барысында қабылданатын нормалар құқыққа қайшы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын ерте анықтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алудың біртұтас жүйесін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Депутаты Комитета Сената по финансам и бюджету на расширенном заседании рассмотрели Закон «О внесении изменения и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет». Закон предусматривает, что государственные субсидии при налогообложении не будут рассматриваться в качестве дохода, а также не будут подлежать вычету затраты, произведенные за счет субсидий, грантов или иной безвозмездной помощи, выделенных из резерва Правительства и местных исполнительных органов.

Подробнее

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1