СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Федерация ұжымымен және параспортшылармен кездесті. Онда биыл атқарылған жұмыс қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Мемлекет басшысы елімізде мүгедектігі бар азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға үнемі баса мән беріп келеді. Бұл бағытта кешенді реформалар іске асырылып, мүдделі тараптармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Инклюзивті қоғам құру жолындағы осындай өзара іс-қимылдың маңызды жетістіктері мен нәтижелерінің бірі Астанада Инклюзивті спорт орталығының ашылуы екені сөзсіз. Жаңа кешен ерекше қажеттілігі бар балаларға өз мүмкіндігін жүзеге асырып, жаңа достар табуға ықпал етеді және ортаға, ересек өмірге бейімделуге жол ашады.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Парламент Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Алишер Сатвалдиев ұлттық қан қызметі жүйесінің негізгі буыны – Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында болды.

Сенаторлар сапар барысында ғылыми, өндірістік және клиникалық-әдістемелік функцияларды біріктіретін орталықтың қызметімен танысты. Бұл мекемеде ғылыми зерттеулер мен озық технологияны енгізуден бастап өнеркәсіп өндірісі мен медициналық ұйымдарды жоғары сапалы трансфузиялық өнімдермен қамтамасыз етуге дейінгі қан бөлшектері мен препараттарымен жұмыстың толық тізбегі қамтамасыз етіледі.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жыл құтты болсын! 🎉

Келер жыл береке-бірлік, игілік пен сәттілік әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз. ✨

Алдағы жылы Сенат азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастырады.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2❤1👍1🤝1
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында болды.

Ол кездесу барысында ұйымның қызметімен, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен және саланы дамыту жөніндегі тәжірибелік жобалармен танысты. Басқару ісіндегі шешім қабылдаудағы ғылыми және талдамалық деректердің рөліне, сондай-ақ олардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін арттырудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембиновтің өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Жетісу облысының Алакөл ауданындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелер зерделенді. Сенатор аудандық аурухананың қызметімен танысты.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек Түркістан қаласының және Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті.

Түркістанда сенаторлар «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Алтын Дала мақта» және «Turkestan Textile» өндірістік нысандарына барды. Депутаттар кәсіпорындардың қазіргі жағдайымен, олардың өндірістік қуаттарымен, қолданылатын технологияларымен және дайын өнімді өткізу процестерімен танысты, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесті.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM