СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
☔️Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Ситуациялық орталығына барды. Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен мен су шаруашылығын цифрлық трансформациялау тақырыбындағы парламенттік тыңдауларға дайындық шеңберінде өтті.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыста креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі заң қаралды.

Заң аясында кинематография және жастар саясаты салаларына да өзгерістер енгізіліп, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға және ұлттық мәдени құндылықтарды сақтап, ілгерілетуге жағдай жасалатыны айтылды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

***

Началось очередное заседание Конституционной комиссии
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламент Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева Конституция мәтінін Брайль форматына бейімдеуді ұсынды

****


Председатель Совета по инклюзии при Сенате Парламента РК Ляззат Калтаева предложила адаптировать текст Конституции под формат Брайля
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Құрылтайдың ішкі ұйымы мен өкілеттігі туралы сөз қозғады

****

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Ольга Перепечина рассказала о внутренней организации и полномочиях Курултая
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
▪️▪️

Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды – Ләззат Қалтаева

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

✔️ Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында ол жаңа Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екеніне маңыз беретінін айтты. Бұл принцип тікелей мүгедектігі бар адамдарға да қатысты.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтарды жасына, ауруына, мүгедектігіне немесе басқа заңды негіздерге байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін қамтиды. Сонымен бірге, мемлекет пен қоғамның мүгедектік мәселелеріне көзқарасы тек заңнамалық деңгейде ғана емес, іс жүзінде де - тең құқықтарды мойындау және тең мүмкіндіктер жасау қағидасына сүйенуі қажет», - деді Ләззат Қалтаева.


✔️ Ол жаңа Конституция жобасының кез келген дискриминацияға жол бермеу принципін сақтайтынына ерекше тоқталды. Осы тұрғыда мүгедектігі бар адамдар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – адам құқықтарын іске асырудың ажырамас бөлігі саналады.

«Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциядан туындайтын міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда толық көлемде сақталады», - деп айтты Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының алғашқы баптарында-ақ, конституциялық құрылым негіздеріне арналған бөлімде, азаматтардың жағдайын нашарлататын нормалардың кері күшін қолдануға жол бермеу қағидаты бекітілген.

✔️ Ләззат Қалтаева бұл тәсілді құқық қолдану тәжірибесінде де біртіндеп жүзеге асыру қажет екенін айтты.

«Алдыңғы отырыстарда жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару мәселесі қаралды. Бұл – мемлекет үшін Ата заң саналатын құжат. Әрбір азамат өз пікірін тең білдіруі тиіс», – деді ол.


✔️ Сондай-ақ, Ләззат Қалтаева жаңа Конституция мәтінін инклюзив форматтарға: көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – Брайль қарпімен, интеллектуалдық дамуында қиындықтары бар адамдар үшін – түсінікті тілге аудару қажеттігін атап өтті.

✔️ Қорытындылай келе, ол жаңа Конституция жобасында азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған нормалар бар екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қорғауды және инклюзияны тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.

«Аталған тәсілдерді, сондай-ақ сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен халық пікірі негізінде айтылған конструктивті ұсыныстарды ескере отырып, жаңа Конституция жобасын құқықтық және әлеуметтік дамыған мемлекеттің маңызды негізі ретінде қолдауға болады деп есептеймін», – деп түйіндеді Ләззат Қалтаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1