СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы жұмыс жоспарын талқылап, 11 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін атап өтіп, қазақстандықтарды Әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалар төңірегіне топтасуға шақырды.

Алдағы отырыста сенаторлар жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңдарды, сондай-ақ газбен жабдықтау, цифрландыру, телекоммуникациялар, дербес деректерді қорғау, жануарлар дүниесі мен ара шаруашылығы салаларына қатысты және өзге де заңдарды қарайды. Сонымен қатар сенаторлар бастамашы болған әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру туралы заң мен телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған заң да күн тәртібіне енгізілді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Әділетті Қазақстан құру жолында Мемлекет басшысының саяси бағыты төңірегіне топтасуға шақырды.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің дамуына жаңа серпін беріп, Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері қоғамдағы бірлік пен ынтымақ реформалардың табысты іске асуының басты кепілі екенін айтты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі ретінде Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлауды бақылау миссиясына қатысты.

Сапар аясында Жақып Асанов Армения Парламентінің Төрағасы Ален Симонянмен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Абисогомонянмен және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесіп, сайлауалды науқанның барысы мен сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлау өткізу мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ереванда жұмыс істеді.

🙂Миссия құрамында Сенат депутаты Геннадий Шиповских те болды. Дауыс беру күні байқаушылар сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын және дауыстарды санау рәсімдерін бақылап, мониторингті саяси бейтараптық пен объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған заң қаралды.

Құжатта шетелдегі әскери өкілдіктердің құқықтық мәртебесін айқындау, әскери қызметшілерді іріктеудің цифрлық рейтинг жүйесін енгізу және олардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері қамтылған.

Сондай-ақ әскери қызметшілерге қосымша кепілдіктер беру мен әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге қатысты нормалар талқыланды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1👏1