СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері және бірқатар заң қаралды.

Талқылау барысында 2025 жылы экономиканың 6,5 пайызға өскені атап өтілді. Дегенмен бюджетті жоспарлау сапасы, борыштық жүктеме, өңірлердің орталыққа тәуелділігі және қаржының тиімсіз бөлінуі сияқты мәселелерге назар аударылды. Сенат Спикері бюджет қаражаты нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Отырысқа Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Сенаторлар қосымша баяндама жасайтын депутатты бекітіп, экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заңды қарады.

Сонымен қатар Палата отырысында экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заң бірінші оқылымда қаралды. Ол экологиялық бақылауды күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM