СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Польша Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа Конституцияның негізгі бағыттарына назар аударылды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Польша арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Малгожата Кидава-Блоньская екі ел арасындағы ынтымақтастықты және парламентаралық диалогты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
🙂Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде Сергей Карплюктің төрағалығымен кредиттік рейтингтік қызмет пен қаржы нарығын жетілдіруге қатысты заңдар қаралды.

Комитет отырысында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін құқықтық реттеу, олардың тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық рейтинг нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар қаржы нарығын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, киберқауіпсіздікті күшейту, төлем қызметтерін дамыту және банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған түзетулер қаралды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Польша Республикасы Парламенті Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскаямен кездесті.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға да назар аударылды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1👏1
🙂 Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай «Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл: естелік, жауапкершілік, болашақ» тақырыбы бойынша Сенатта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шара барысында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, радиациялық әсердің ұзақ мерзімді салдарын зерттеу, медициналық бақылауды күшейту және бұрынғы полигон аумақтарын экологиялық оңалту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық бастамаларын және ядролық сынақ құрбандарына қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағыттарын қарастырды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1