СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Палатаның қорытынды отырысында Сенат Спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенімі мен жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Еліміз үшін тағдыршешті осы кезеңде өзімнің және Сенаттың депутаттар корпусы атынан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Мемлекет басшысының бізге артқан зор сенімін, жан-жақты қолдауын және ауқымды реформаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға берген мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Біз әрдайым Тәуелсіздікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және халық мүддесіне қызмет етуді көздейтін Президент саясатына адал болып қала береміз. Бүгінде Қазақстан сапалық тұрғыдан жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр. Сондықтан жаңа Конституцияны толыққанды іске асыру және Әділетті Қазақстан құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің Мемлекет басшысының саясаты төңірегінде топтасуы аса маңызды»,

– деді Мәулен Әшімбаев.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Парламент Сенатының қорытынды отырысы өтті. Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Палатаның заң шығару қызметінің қорытындылары шығарылып, бірқатар заң мақұлданды.

Сенат 30 жыл ішінде 890-нан астам отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заңды қабылдап, мақұлдады. Осы кезеңде 60-тан астам парламенттік тыңдау, 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық депутаттық сауал Үкіметке жолданды.

Отырыста Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге орай атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Сенат Төрағасы қорытынды отырыста әріптестеріне ел игілігі жолындағы бірлескен еңбегі үшін алғыс білдірді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
30 жыл бойы заң шығару қызметі, парламентаризмді дамыту және қоғаммен өзара іс-қимыл мінсіз жүзеге асырылды.

Сенат үш онжылдықта өркендеу жолынан өтті, қазақстандық қоғам мен еліміздің заңнамалық жүйесін дамытудың маңызды бөлігіне айналды.

Палатаның басты көрсеткіштері, деректер мен қорытындылар біздің карусельде.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
30 лет законодательной деятельности, развития парламентаризма и взаимодействия с обществом.

За три десятилетия Сенат прошел большой путь, став важной частью развития казахстанского общества и законодательной системы страны.

Главные цифры, факты и результаты работы Палаты - в нашей карусели.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5