СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның биылғы қорытынды отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген заңдар қаралды. Сондай-ақ жыл барысында атқарылған жұмыс қорытындыланды және сенаторлардың өңірлерге алдағы сапарларына қатысты міндеттер белгіленді.

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев Палатаның биылғы жұмысын қорытындылап, Президент тапсырмасымен осы жылда қабылданған бірқатар маңызды заңға назар аударды. Сенаторлар жыл басынан бері елдің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған 102 заңды қарады.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑Дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғау күшейтіледі.

Сенат олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру және күш қолдану үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды мақұлдады.

1 қаңтардан бастап жедел жәрдем жүргізушісіне ауызша қоқан-лоқы көрсету 865 мың теңге көлемінде айыппұл салынуына әкелуі мүмкін.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Астанадағы әлеуметтік нысандар – «Қамқорлық» ерте араласу және психоәлеуметтік оңалту орталықтарының қызметімен танысты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт денсаулығы елдің басты байлығы екенін үнемі айтып келеді. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және дәрігерлерді қолдауға қатысты кешенді реформалар жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен, қазір кадр тапшылығына байланысты денсаулық сақтау жүйесі психиологиялық және психиатриялық көмек саласында айтарлықтай мәселелер бар. Соңғы 20 жылда қабылданған шараларға және өлім-жітім деңгейінің біртіндеп төмендеуіне қарамастан, өкінішке қарай елдегі суицид көрсеткіші азаймай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім саны әлемдік орташа көрсеткіштерден асып түседі. Әсіресе, жастар арасында жиі кездеседі. Өз-өзіне қол жұмсау көбіне құмар ойындар мен есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарда болады. Жасыратыны жоқ, лудомания үлкен әлеуметтік мәселеге айналды. Осы орайда халықтың қолжетімді психологиялық оңалту шаралары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және қолданыстағы психологиялық қолдау шараларының тиімділігін арттыру ісінде мемлекеттік органдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі»,

– деді Сенат Төрағасы.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1