Бүгін Астанада Талдау мектебінің бесінші легінің алғашқы дәрістері өтті. Биыл жобаға 1000-нан астам өтінім түсіп, конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті — бір орынға 14 үміткерден келді.
🙂 Алғашқы дәрісті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып, цифрлық технологиялар дәуіріндегі аналитиканың рөлі мен мемлекеттік басқарудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аналитикалық ойлауы жоғары, заманауи тәсілдерді меңгерген жаңа буын мамандарды даярлаудың маңызын үнемі атап келеді.
Биылғы оқу бағдарламасы SMART GOVERNANCE тақырыбына арналған. Қатысушылар деректер, аналитика және жасанды интеллектке негізделген 7 бағыт бойынша командалық жобалар әзірлейді.
Оқыту 8 аптаға жалғасады. Қорытындысында дайындалған аналитикалық ұсынымдар Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдарға жолданады.
🚀 @senate_kz

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🔥2
Депутаттар Қазақстан мен Франция арасындағы реадмиссия туралы, сондай-ақ Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерді ратификациялау мәселелерін қарамақ.
Сонымен қатар Мәжіліс қабылдаған заңдар комитеттерге бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясындағы алдағы жұмыстар пысықталды.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♟️Шахматтан Сенат кубогы - 2026 турнирінің 1/8 финалдық кезеңі аясында бекітілген кестеге сәйкес еліміздің облыстарында өңірлік жарыстар жалғасып жатыр. Турнир жаңартылған форматта іске асырылуда және қатысушылардың бірнеше санатын қамтиды, бұл жарыстарға түрлі кәсіби және қоғамдық топтардың өкілдерін кезең-кезеңімен тартуға мүмкіндік береді.
Толығырақ
🚀 @senate_kz
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Келісім аясында еңбек өтілін, оның ішінде әскери қызмет пен оқу кезеңдерін өзара тану көзделеді.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:
«Биыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды жыл болады. Мен мұны жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда атап өттім.
Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық.
Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл аса маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқыланды.
Мен былтыр 8 қазанда Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Елдік іске бей-жай қарамайтын басқа да азаматтарымыздың бұл талқылауға қатысуы өте маңызды. Сондықтан e-Otinish платформасы мен Egov порталында «Парламенттік реформа» деген арнайы бөлім ашылды. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады.
Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, зерделеп, парламенттік реформаны барлық жағынан қарастырды, өте маңызды жұмыс атқарды.
Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым.
Былтыр қазан айының ортасында Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткіздім. Желтоқсанның 2-сі және 29-ы күндері тағы екі жиын болды. Жаңа жылдан бері Жұмыс тобының мүшелері 3 рет бас қосты. Соңғы отырыс күні кеше ғана Құрылтай қарсаңында өтті.
Бір сөзбен, конституциялық реформа туралы қызу талқылаулар жарты жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр».
t.me/aqorda_resmi

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр десек, ешқандай қате болмас. Қоғамдық пікірді білу үшін тұрақты түрде жүргізілген сауалнамалар және жұмыс тобының қорытындысы да осы пайымға келіп тоғысады.
Депутаттар мен партия фракцияларының жетекшілері жақында аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесіп қайтты. Олар халықтың осы бастамадан хабардар екенін және реформаны қолдап отырғанын айтуда.
Бұл жерде қандай да бір пікір қайшылығы жоқ. Жалпы бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдағы өзгерістерге қатысты ортақ мәміле бар. Жұмыс тобы барлығын жан-жақты сараптай отырып, нақты пайымдары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Негізгі пікірталас «Жаңа Парламент қандай болады, неше депутаттан тұрады? Құрылымы қандай болады және қалай жұмыс істейді?» деген сауалдар жөнінде өрбіді.
Бұл терең зерделеп, жан-жақты сараптап, өлшеп, байыппен түпкілікті шешім қабылдайтын аса маңызды, тіпті, шешуші мәселе болды дер едім.
Қазір мен Ұлттық Құрылтайдың төрінен сіздерге Жұмыс тобында талқыланған негізгі ұсыныстарды таныстырғым келеді».

«Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам.
Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін.
Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.
Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.
Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын.
Ал, депутаттар санына келсек, бұл мәселе де қызу пікірталас туғызды. Ең көп пікір қайшылығы осы мәселеге қатысты болды.
Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдік идеясын ұсынды. Екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет деді.
Біздің негізгі мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру.
Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.
Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада!
Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс!
Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді.
Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек».

⚡️Касым-Жомарт Токаев:
«Второй блок предложений затрагивает компетенции Парламента в части формирования состава ряда ключевых государственных органов.
Согласно действующей Конституции, как вам известно, полномочия по формированию Конституционного суда, Высшей аудиторской палаты и Центральной избирательной комиссии равномерно распределены между Мажилисом, Сенатом и Президентом.
Теперь же предлагается, чтобы назначение всех членов этих важных государственных структур осуществлялось исключительно с согласия Парламента.
Предлагается также наделить депутатов высшего представительного органа страны полномочиями по избранию всех судей Верховного суда по представлению Президента.
Это большой шаг в развитии казахстанского парламентаризма, укреплении системы сдержек и противовесов между ветвями власти».

❤3