СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламент Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева Конституция мәтінін Брайль форматына бейімдеуді ұсынды

****


Председатель Совета по инклюзии при Сенате Парламента РК Ляззат Калтаева предложила адаптировать текст Конституции под формат Брайля
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Құрылтайдың ішкі ұйымы мен өкілеттігі туралы сөз қозғады

****

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Ольга Перепечина рассказала о внутренней организации и полномочиях Курултая
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
▪️▪️

Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды – Ләззат Қалтаева

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

✔️ Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында ол жаңа Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екеніне маңыз беретінін айтты. Бұл принцип тікелей мүгедектігі бар адамдарға да қатысты.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтарды жасына, ауруына, мүгедектігіне немесе басқа заңды негіздерге байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін қамтиды. Сонымен бірге, мемлекет пен қоғамның мүгедектік мәселелеріне көзқарасы тек заңнамалық деңгейде ғана емес, іс жүзінде де - тең құқықтарды мойындау және тең мүмкіндіктер жасау қағидасына сүйенуі қажет», - деді Ләззат Қалтаева.


✔️ Ол жаңа Конституция жобасының кез келген дискриминацияға жол бермеу принципін сақтайтынына ерекше тоқталды. Осы тұрғыда мүгедектігі бар адамдар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – адам құқықтарын іске асырудың ажырамас бөлігі саналады.

«Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциядан туындайтын міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда толық көлемде сақталады», - деп айтты Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының алғашқы баптарында-ақ, конституциялық құрылым негіздеріне арналған бөлімде, азаматтардың жағдайын нашарлататын нормалардың кері күшін қолдануға жол бермеу қағидаты бекітілген.

✔️ Ләззат Қалтаева бұл тәсілді құқық қолдану тәжірибесінде де біртіндеп жүзеге асыру қажет екенін айтты.

«Алдыңғы отырыстарда жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару мәселесі қаралды. Бұл – мемлекет үшін Ата заң саналатын құжат. Әрбір азамат өз пікірін тең білдіруі тиіс», – деді ол.


✔️ Сондай-ақ, Ләззат Қалтаева жаңа Конституция мәтінін инклюзив форматтарға: көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – Брайль қарпімен, интеллектуалдық дамуында қиындықтары бар адамдар үшін – түсінікті тілге аудару қажеттігін атап өтті.

✔️ Қорытындылай келе, ол жаңа Конституция жобасында азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған нормалар бар екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қорғауды және инклюзияны тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.

«Аталған тәсілдерді, сондай-ақ сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен халық пікірі негізінде айтылған конструктивті ұсыныстарды ескере отырып, жаңа Конституция жобасын құқықтық және әлеуметтік дамыған мемлекеттің маңызды негізі ретінде қолдауға болады деп есептеймін», – деп түйіндеді Ләззат Қалтаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
▪️▪️

Текст новой Конституции предложили написать шрифтом Брайля – Ляззат Калтаева

Глава Совета по инклюзии при Сенате Ляззат Калтаева поддержала проект новой Конституции РК, где в полном объеме обеспечивается защита прав и интересов лиц с инвалидностью.

✔️ На девятом заседании Конституционной комиссии она отметила, что новая Конституция провозглашает человека, его права и свободы высшей ценностью. При этом данный конституционный принцип напрямую относится и к лицам с инвалидностью.

«Проект новой Конституции обеспечивает гарантии социального обеспечения граждан по возрасту, болезни, инвалидности и по иным законным основаниям. При этом подходы государства и общества к вопросам инвалидности должны формироваться не только на уровне законодательства, но и в практической плоскости – с акцентом на признание равных прав и создание равных возможностей», – сказала Ляззат Калтаева.


✔️ Он подчеркнула важность того, что проект новой Конституции сохраняет принцип недопущения какой-либо дискриминации. В этом смысле обеспечение равного доступа для лиц с инвалидностью является неотъемлемой частью реализации прав человека.

«Обязательства Республики Казахстан, вытекающие из Конвенции о правах инвалидов, в случае принятия новой Конституции продолжат действовать в полном объеме», – отметила Председатель Совета по инклюзии при Сенате.


✔️ По ее словам, уже в первых статьях проекта новой Конституции – в разделе, посвященном основам конституционного строя, закрепляется принцип недопустимости обратной силы норм, ухудшающих положение граждан.

✔️ По мнению Ляззат Калтаевой, данный подход должен последовательно реализовываться и в правоприменительной практике.

«В ходе предыдущих заседаний поднимался вопрос о вынесении проекта новой Конституции на всенародный референдум. Речь идет о проекте Основного закона, имеющего фундаментальное значение для государства, и каждый гражданин должен иметь возможность выразить свою позицию на равных условиях», – озвучила она.


✔️ При этом Калтаева высказалась о необходимости последующего перевода текста новой Конституции в инклюзивные форматы: для лиц с нарушениями зрения – в формат Брайля, для лиц с интеллектуальными нарушениями – в формат ясного и понятного языка.

✔️ В заключение она добавила, что предусмотренные в проекте новой Конституции положения ориентированы на расширение участия граждан в управлении делами государства. Это создает дополнительные возможности для более эффективного решения вопросов инклюзии и защиты прав социально уязвимых групп.

«С учетом обозначенных подходов, а также конструктивных предложений, прозвучавших в ходе обсуждений со стороны экспертного сообщества, представителей гражданского общества и самих граждан, считаю возможным поддержать проект новой Конституции как важную основу дальнейшего развития правового и социального государства», – заключила Ляззат Калтаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет. Мұндай пікірді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Конституциялық комиссияның отырысында айтты.

✔️ Ольга Перепечинаның сөзінше, Жаңа Конституция жобасы – маңызды әрі жауапты жұмыстың жемісі және қоғамның заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік құрылымды жаңартуға бағытталған.

«Жаңа Конституция биліктің тұрақты әрі түсінікті үлгісін қалыптастырып, өкілетті институттардың рөлін нығайтады және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара қатынастың нақты ережелерін белгілейді. Барлық өзгерістердің басты мақсаты – адам, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен болашаққа деген сенімін қорғау», – деді Сенат Төрағасының орынбасары.


✔️ Сонымен қатар, ол Парламент рөлін Құрылтай институты арқылы қайта қарау негізгі шешімдердің бірі екенін атап өтті.

🔹 Мәселен, Құрылтай екі палатаның ізбасары және жоғары өкілді органның жаңа атауы болып табылады. Бұл оның мемлекеттік билік жүйесіндегі ерекше маңызын, тарихи дәстүрмен байланысын және халық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

«Мәселе институттың символдық және саяси мәртебесін күшейте отырып, оның парламенттік табиғатын сақтау туралы болып отыр», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Конституция жобасында Құрылтайдың ішкі ұйымдастырылуына, оның ішінде комитеттері мен комиссияларының қызметіне де ерекше назар аударылды. Сенат Төрағасы орынбасарының пікірінше, олардың жұмыс істеу негіздерін конституциялық деңгейге шығару парламенттік жүйені нығайтуға маңызды қадам болып табылады.

«Комитеттер мен комиссиялар заңдарды дайындау мен пысықтауда, сараптамалық қорытындылар мен парламенттік бақылауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың мәртебесі, өкілеттіктері мен жұмыс қағидаттарын нақты конституциялық деңгейде реттеу заңнамалық процестің сапасын арттырып, оны барынша ашық және болжамды етеді», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Ол тұрақты комитеттердің салалық қағидат бойынша құрылатынын және өз саласына сәйкес мамандандырылған талқылауларды жинақтайтынын еске салды. Осы механизм шеңберінде қабылданған барлық заң жобалары жан-жақты талқыланады. Комиссиялар белгілі бір мәселелер бойынша шоғырландырылған шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

«Жаңа Конституция жобасы өкілетті билікті күшейтуге, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің азаматтарымыздың жобаға деген белсенді қызығушылығын ескере отырып, Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдау білдіргім келеді», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Сенат Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл рәсім халықтық егемендік қағидатына сәйкес келеді және қабылданатын шешімнің ерекше маңыздылығын көрсетеді.

«Аталмыш жобаны қолдай отырып, біз оны жүзеге асыруға және еліміздің парламенттік жүйесін одан әрі дамытуға жауапкершілік алуға дайын екендігімізді дәлелдейміз», – деп түйіндеді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

На Конституционной комиссии предложили вынести принятие новой Конституции РК на всенародный референдум

Новая Конституция РК должна усилить представительную власть, повысить доверие граждан и сформировать зрелую парламентскую культуру. При этом вопрос ее принятия нужно вынести на всенародный референдум. Такое мнение озвучила заместитель Председателя Сената Ольга Перепечина на заседании Конституционной комиссии.

✔️ Как отметила Ольга Перепечина, проект новой Конституции является результатом серьезной и ответственной работы. Документ отражает стремление обновить основы государственного устройства с учетом современных вызовов и ожиданий общества.

«Новая Конституция задает более устойчивую и понятную модель власти, укрепляет роль представительных институтов и формирует четкие правила взаимодействия между государством и гражданами. В центре этих изменений находится человек, его права, достоинство и уверенность в завтрашнем дне», – сказала заместитель Председателя Сената.


✔️ По ее словам, одним из ключевых решений является переосмысление роли Парламента через институт Курултая.

🔹 Так, Курултай выступает преемником обеих палат и новым наименованием высшего представительного органа, что подчеркивает его особое значение в системе государственной власти, связь с исторической традицией и ответственность перед народом.

«Речь идет о сохранении парламентской природы института при одновременном усилении его символического и политического статуса», – подчеркнула Ольга Перепечина.


✔️ Она добавила, что особое внимание в проекте Конституции уделено внутренней организации Курултая, в том числе деятельности его комитетов и комиссий.
По мнению заместителя Председателя Сената, вынесение основ их функционирования на конституционный уровень является важным шагом для укрепления парламентской системы.

«Комитеты и комиссии выполняют ключевую роль в подготовке и проработке законов, формировании экспертных выводов и парламентского контроля. Четкое конституционное регулирование их статуса, полномочий и принципов работы повышает качество законодательного процесса и делает его более прозрачным и предсказуемым», – указала Ольга Перепечина.


✔️ Она напомнила, что постоянные комитеты формируются по отраслевому принципу и аккумулирует в себе специализированное обсуждение в соответствующих сферах отношений. В рамках их работы осуществляется постоянное обсуждение всех законопроектов, принятых в работу. Комиссии, в свою очередь, служат инструментом консолидированного решения по определенным вопросам.

«Проект новой Конституции направлен на усиление представительной власти, повышение доверия граждан и формирование зрелой парламентской культуры. Учитывая активный интерес наших граждан к проекту, хочу выразить поддержку предложению вынести вопрос принятия Конституции на всенародный референдум», – озвучила Ольга Перепечина.


✔️ По словам заместителя Председателя Сената, данная процедура соответствует принципу народного суверенитета и подчеркивает особую значимость принимаемого решения.

«Поддерживая данный проект, мы подтверждаем готовность нести ответственность за его реализацию и дальнейшее развитие парламентской системы страны», – заключила она.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат Төрағасы Абу-Дабиге барды. Онда Палата Спикері адамзаттың бауырластығын дәріптеуді көздейтін арнайы дөңгелек үстелге қатысты.
 
📃Жаңа конституциялық модельдің негізгі мәні не? Бұл мәселе Сенат жанындағы Ұлттық мүдде диалог алаңында талқыланды.
 
🛗Тозығы жеткен лифттерге қатысты проблема шешімін таба ма? Үкімет сенаторлардың депутаттық сауалына жауап берді.
 
📹Толығырақ Сенат сөзінде

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
СПИКЕР СЕНАТА О НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ: ВАЖНО ОБЪЕДИНИТЬСЯ ВОКРУГ РЕФОРМ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА

🙂Под председательством Спикера Сената Парламента РК Маулена Ашимбаева прошел круглый стол, посвященный вопросамобсуждения ключевых аспектов проекта новой Конституции. В мероприятии приняли участие депутаты Сената, представители экспертного сообщества, научных и аналитических центров, профильных институтов, а также члены Клуба экспертов при Сенате и Taldau Community.

«Конституционная реформа является логичным и последовательным продолжением инициатив Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева, направленных на глубокую и системную модернизацию политической системы Казахстана. В центре проекта новой Конституции - принципы Закона и Порядка, интересы и права граждан, а также ответственность за бережное отношение к природе и курс на устойчивое развитие. Это и есть практическое воплощение идеи Справедливого Казахстана, закреплённое в конкретных конституционных нормах»,

- подчеркнул Маулен Ашимбаев.

Спикер Сената отметил, что проект новой Конституции – это, по сути, исторический документ, обновляющий философию развития Казахстана и определяющий новый этап государственности. Вместе с тем, он особо подчеркнул масштаб общественного обсуждения документа, а также открытость и публичность работы конституционной комиссии.

«
Вся работа Конституционной комиссии ведется открыто и публично. Заседания транслируются в прямом эфире. В Комиссию поступает большое количество обращений граждан. Фактически новая Конституция формируется в процессе широкого общественного обсуждения. Сегодняшний круглый стол – часть этого большого и ответственного диалога. В предстоящий период важно будет перевести ценности и идеи Конституции на язык реальных механизмов, будущих законов и практики правоприменения»
,

- отметил Спикер Сената.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥕Экспорт моркови: сенаторы помогли решить проблемы фермеров Павлодарской области.
 
💰Миллиард долларов в дело. Нацфонд инвестирует в ИИ, медицину и образование.
 
↗️Реформы науки. Эксперты Taldau Talks рассказали, как инновации и инвестиции меняют высшее образование в Казахстане.

📹 Подробнее в программе “Время Сената”

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қызметі мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті.

🙂Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту  комитетінің төрағасы Әли Бектаев аграрлық секторды қолдау шараларын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутаты Комитета Сената по международным отношениям, обороне и безопасности посетили Казахский агротехнический исследовательский университет имени Сакена Сейфуллина, где состоялась встреча с руководством ВУЗа по вопросам подготовки офицерских кадров на базе военной кафедры и материально-технического обеспечения учебного процесса.

🙂Открывая заседание, Председатель Комитета Андрей Лукин подчеркнул, что профессионализация военной сферы и наращивание интеллектуального потенциала Вооруженных Сил являются важнейшими элементами укрепления обороноспособности страны. Он отметил значимую роль военных кафедр гражданских ВУЗов в формировании качественного офицерского резерва.

Подробнее

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 12 ақпан сағат 15:00-де Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

Тақырыбы: Жаңа инвестициялық циклді іске қосу. Инвестициялық ахуалды жетілдіру.

Іс-шараға Сенат депутаттары, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» АҚ өкілдері қатысады.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз.
 
Отырысты
🌐senate.parlam.kz ресми сайтында көре аласыздар.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM