СЕНАТ
✔
3.85K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Бүгін Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламның жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. «Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы: күрделі жол – адамзаттың бауырластығы туралы құжаттың дүниеге келуі» деп аталатын бұл еңбек қазақ тілінде жарық көріп отыр.

🙂Мәулен Әшімбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам жаһандық деңгейде конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен мақсаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ, Қазақстан мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі мен осы жолдағы табанды әрі жүйелі еңбегі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті. Іс-шарада бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламды қабылдағаны сөз болды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Жаңа инвестициялық циклды бастау. Инвестициялық ахуалды жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын талқылады.

🙂Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов жаңа инвестициялық циклді іске қосу қолдау құралдарын сапалы жаңартумен және мемлекеттік органдардың түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттырумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттары, жұртшылық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумдағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін демократияландыруға, «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Жаңа Ата Заң мемлекеттілікті нығайтуға, халық бірлігін бекітуге және заманауи мемлекеттік модельге өтуге негіз болмақ.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂 Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барлық салада жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыртулардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Ол азаматтар 15 наурызда жаңа Ата Заң жобасы бойынша республикалық референдумда өз таңдауын жасайтынын және бұл қадам мемлекеттілікті нығайтуға, Тәуелсіздікті күшейтуге, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қалалық кітапхана ұжымымен және белсенді жастармен кездесіп, жаңа Конституция бойынша референдумның негізгі мақсаты жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында кітапхананың қоғамдағы рөлі, білім мен ақпараттық ресурстарды дамыту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, сондай-ақ ұсыныс-пікірлерді тыңдап, алдағы бірлескен жобаларға баса назар аударды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM