СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенатор Нұрлан Бекназаров 16-18 ақпан аралығында Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша өңірлік кездесулер өткізді. Жұмыс сапары барысында тұрғындар, жұртшылық, ғылыми және мәдени қауымдастық өкілдері, еңбек ұжымдары мен студент жастармен диалог ұйымдастырылды.

Сенатор жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, оның ішінде сөз бостандығын, зияткерлік меншікті қорғау, отбасы институтын нығайту және мемлекеттің институционалдық негіздерін жетілдіру бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
На этой неделе члены Комитета Сената по финансам и бюджету посетили Национальный Банк, чтобы на практике увидеть, как работает цифровой тенге: от готовности IT-систем до взаимодействия между ведомствами.

Работа продолжилась в Сенате - на встрече с представителями профильных госорганов. В центре внимание применение цифрового тенге в системе государственных финансов, результаты пилотных проектов, а также дальнейшее масштабирование этого инструмента в рамках республиканского и местных бюджетов.

🙂Как отметил Председатель Комитета Султанбек Макежанов, цифровой тенге - это не просто новая форма национальной валюты, а инструмент повышения прозрачности и адресности бюджетных средств.

Подробнее

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Жастардың психикалық саулығы: алдын алу және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар психологиялық көмек жүйесін дамыту, жасөспірімдер мен жастар арасындағы дағдарыстың алдын алу және мекемеаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.

🙂Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп жастардың психикалық саулығы ұлттық дамудың маңызды факторы екенін атап өтті. Ол психологиялық қолдаудың қолжетімді әрі жүйелі болуы, дабыл белгілерін уақытында анықтау және профилактика шараларын күшейту қажеттігін айтты. Кездесуде мектеп психологтарының рөлі, отбасы мен қоғамның қолдауы, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі қауіпті контентті шектеу мәселелері көтерілді.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🙂Маулен Ашимбаев: В центре новой Конституции - человек

Государство будет и дальше делать всё необходимое для защиты прав и свобод граждан. В основе проекта новой Конституции - человек, его права и свободы.

Об этом рассказал Спикер Сената Маулен Ашимбаев на брифинге для представителей СМИ, отвечая на вопросы, касающиеся предстоящего референдума.

Полную версию брифинга смотрите на YouTube-канале Сената.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сенатта «Талдау мектебі» жобасының қатысушылары мен Taldau Community қоғамдастығы Ұлыбритания сарапшыларымен кездесті. Шара Корольдің Біріккен қызметтер институты (RUSI) және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып, талдамалық сараптама мен оның шешім қабылдау үдерісіндегі рөлі талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік органдар мен халықаралық сарапшылар арасындағы пікірлесудің маңыздылығын, энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық саясат және стратегиялық талдау мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар «Талдау мектебі» жобасы мен Сенат жанындағы Сарапшылар клубының жұмысы таныстырылды.

Қатысушылар кәсіби диалогты жалғастыру және талдау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
🙂Сенатор Руслан Рүстемов өңірге жұмыс сапары аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы жоғары политехникалық колледж ұжымымен кездесті.

Кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, конституциялық өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің экономиканы дамытудағы рөлі мен білікті кадр даярлаудың маңыздылығына назар аударылды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенатор Дархан Қыдырәлі бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Шараны танымал ғалымдардың, сарапшылардың және академиялық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырды. Оған қатысушылар талқылау барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, мемлекеттік егемендікті нығайту және қоғамдық келісімді сақтау мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Талдау» жобасы аясында ҚР Президентінің көмекшісі, Конституциялық комиссияның мүшесі Қуанышбек Есекеевтің конституциялық реформаға және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғаудың жаңа үлгісін қалыптастыруға арналған дәрісі өтті. Байланыс құқығына кепілдік беру, ақпаратқа қол жеткізу және жаңартылған құқық келбетінің ажырамас бөлшегі ретінде дербес деректерді қорғау кездесудің басты тақырыбы болды.

Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, қазіргі заманғы Конституция цифрлық дәуірдің шындығын ескеруі тиіс. Ол адамның байланыс құқығын, ақпаратқа қол жеткізу құқығын және дербес деректердің сақталу құқығын негізгі құқықтардың қатарына жатқызды. ХХІ ғасырдың негізгі ресурсына айналатын және нақты құқықтық реттеуді қажет ететін деректер екендігіне ерекше назар аударылды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM