СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Бүгін Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының мәслихат депутаттары мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесулердің негізгі тақырыбы – «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі».

🙂 Сенат Төрағасы жаңа Конституция аясындағы реформалар елдің орнықты дамуы мен демократиялық қағидаларды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ 15 наурыздағы республикалық референдум азаматтарға ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияның Тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және елдің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық қадам екенін баса айтты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂 Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтетінін атап өтті. Сенат Төрағасы бұл қадам елді жаңғыртудың маңызды кезеңі және тағдырлы шешімді халықтың пікіріне сүйене отырып қабылдау – демократиялық қағидаттың айқын көрінісі екенін айтты. Жаңа Конституция жобасында заң мен тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қорғауға және орнықты даму бағытына ерекше мән берілгені айтылды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа - азаматтық белсенділер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы

Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Өзгерістердің басым бағыттары мен олардың мемлекет дамуына ықпалы жан-жақты қамтылған. Бұл туралы Жетісу облыстық Азаматтық альянсының төрағасы Дания Қыдырбаева Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты.

Оның пікірінше, Конституцияның жаңа редакциясында адамның құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық ретінде айқындалған. Жаңарған Ата Заңда азаматтық қоғам институттарының рөліне айрықша назар аударылған. Әсіресе, азаматтық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы орны мен ықпалын арттыруға бағытталған нақты нормалар енгізілген. Бұл - ҮЕҰ секторы үшін заңды алаңның кеңейгенін білдіреді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Новая Конституция – в приоритете права человека

На встрече Председателя Сената Маулена Ашимбаева с депутатами и представителями общественности области Жетысу речь шла о положениях проекта новой Конституции Казахстана.

По мнению уполномоченного по правам человека в регионе Каната Карымсакова, проект нового Основного закона уже в преамбуле четко закрепляет приоритет прав, свобод и достоинства человека.

Эксперт называет это ключевым преимуществом нового документа.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂 Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының белсенді жастарымен кездесіп, жаңа Конституция аясындағы реформаларды жүзеге асыруда жас буынның рөліне тоқталды.

Жастардың белсенділігі мен конституциялық үдерістерге қатысуы елдің орнықты дамуына маңызды үлес қосады.

Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебі жастардың біліктілігін арттыруға арналған. Бұл бастамалар жастар тарапынан үлкен қызығушылық тудырғанын атап өткен жөн.

🚀@senate_
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа – волонтерлер қозғалысына берілген жоғары мәртебе

Конституциялық реформа - елдің қоғамдық-саяси дамуына тың серпін берген маңызды өзгерістердің бірі. Жаңа Конституция жобасында азаматтық бастамалар мен қоғамдық белсенділікке ерекше назар аударылған. Бұл туралы «Мейірімді Жетісу» волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Жетісу облысының жастарымен өткен кездесуінде айтты.

Оның пікірінше, құжаттағы волонтерлік қызметті қолдауға қатысты норма еріктілер қауымдастығы үшін айрықша маңызға ие. Конституциялық деңгейде бекітілген қолдау волонтерлік қозғалыстың ауқымын кеңейтіп, жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🙂 Мәулен Әшімбаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өндіріс орындарының жұмысшыларымен және аграрлық сала өкілдерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасы мен референдумның маңызын талқылады.

Сапар барысында «Хильниченко и К» шаруа қожалығында инклюзия, этносаралық келісім және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері сөз болды. Сенат Төрағасы өңірлердегі жасампаз бастамалар Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын іске асыруға және экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Асар спорттық-оңалту кешені» инфрақұрылымымен және «ASMA Industrial ltd» зауытының қызметімен танысты.

🚀@senate_
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1