СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂 Мәулен Әшімбаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өндіріс орындарының жұмысшыларымен және аграрлық сала өкілдерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасы мен референдумның маңызын талқылады.

Сапар барысында «Хильниченко и К» шаруа қожалығында инклюзия, этносаралық келісім және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері сөз болды. Сенат Төрағасы өңірлердегі жасампаз бастамалар Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын іске асыруға және экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Асар спорттық-оңалту кешені» инфрақұрылымымен және «ASMA Industrial ltd» зауытының қызметімен танысты.

🚀@senate_
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық өзгерістер мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа мүмкіндіктер ашты

Конституциялық реформа аясында инклюзивті қоғам қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылуда. Бұл пікірді Талдықорған қаласының тұрғыны Айнұр Әлібекова Мәулен Әшімбаевтің Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары кезінде, “Асар” оңалту орталығының қызметімен танысу барысында білдірді.

Оның сөзінше, бұл өзгерістер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен қолдау. Мемлекет тарапынан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қатысты оң өзгерістер нақты көрініс тауып келеді. Әсіресе, жұмысқа орналасу құқығын теңестіру бағытындағы бастамалар – маңызды қадам. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Новая Конституция: защита человека труда

В ходе визита Председателя Сената в область Жетысу, Маулен Ашимбаев встретился с аграриями региона. Главная цель поездки – разъяснение основных положений проекта новой Конституции Казахстана.

По словам рабочего КТ «Хильниченко и К» Сергея Ерошенко, в новом документе четко обозначен главный приоритет государства – жизнь человека, его права и достоинство.

Он подчеркнул, что такие положения формируют чувство уверенности в завтрашнем дне и подтверждают, что человек труда находится в центре государственной политики.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық өзгерістер экологиялық таза өндірістерге жол ашады

Конституциялық реформада қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілген. Бұл пікірді зауыт жұмысшысы Райхан Барлықбаева Мәулен Әшімбаевтің Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары кезінде,
ASMA INDUSTRIAL компаниясының қызметімен танысу барысында білдірді.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер өндіріс саласындағы қызметкерлер үшін де маңызды. Конституциялық деңгейде айқындалған экологиялық басымдықтар жасыл технологияларды дамытуға серпін беріп, Қазақстанның экологиялық жауапты мемлекет ретінде дамуына негіз қалайды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
🙂 Сенатор Нұртөре Жүсіп «Ана тілі» республикалық зияткерлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Ол қатысушыларды құттықтай отырып, білім беру жобалары мен зияткерлік бастамалардың құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Сенатор жаңа Конституция жобасының әділеттілік, заң үстемдігі, билік тармақтарының теңгерімділігі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетінін айтты.

Ол құқықтық институттарды нығайту, адам капиталын, ғылым мен білім беруді дамыту елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің кепілі екенін атап өтіп, азаматтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🙂 Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Тараптар кездесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық жолмен бейбіт шешімге ұмтылатынын талқылады.

Сенат Төрағасы сонымен қатар еліміздегі Конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституцияның жобасы туралы хабардар етті және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен Алматыдағы Өңірлік орталықтың маңызына тоқталды.

Саранго Раднарагча Қазақстанның БҰҰ-мен серіктестігін, орнықты даму мен адам капиталын дамыту бастамаларын қолдайтынын және бұдан былай бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа айдар – «Сенат түсіндіреді».

❓ Референдум қарсаңында сенаторлардың өңірлерге сапары барысында жергілікті тұрғындар көптеген маңызды әрі өзекті сұрақтар қойды. Ең жиі қойылған сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беруді жөн көрдік.

🌎Алғашқы тақырып – жер мәселесі.
Өңір тұрғындары жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға мүмкіндік беретін нормалар бар ма деген сұрақ қойды.

Сұрақ қойылды – жауап береміз.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3❤1
🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 5 наурыз сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді.

Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын қызметтерінен босату туралы;
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы;
3. 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз.
 

Отырысты
🌐senate.parlam.kz ресми сайтында
📺«24kz» телеарнасында
🖤YouTube арнасында
💬Telegram арнасында көре аласыздар.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Уважаемые представители СМИ, завтра, 5 марта в 10:00 часов пройдет заседание Сената.

В повестку дня предложен следующий вопрос:
1. Об освобождении от должностей судей Верховного Суда Республики Казахстан;
2. О ратификации Соглашения о гармонизированной системе определения происхождения товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза;
3. О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о принципах и подходах осуществления государственного контроля (надзора) за соблюдением требований технических регламентов Евразийского экономического союза в целях гармонизации законодательства государств – членов Евразийского экономического союза в указанной сфере от 16 февраля 2021 года;
4. О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Федеральным Правительством Австрийской Республики о реадмиссии и транзите лиц с незаконным пребыванием.

Для представителей СМИ запланирован брифинг.

 
Смотрите прямую трансляцию
🌐 на официальном сайте
senate.parlam.kz
📺на телеканале «24kz»
🖤на YouTube канале
💬в Telegram канале.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Новая рубрика – «Сенат разъясняет»

❓Во время выездов сенаторов в регионы в преддверии референдума жители задавали много важных и чувствительных вопросов. Мы решили ответить на самые популярные из них. Кратко, чётко и по существу.

🌎Начинаем с земельного вопроса. Жители регионов спрашивали: есть ли в проекте новой Конституции нормы, позволяющие продавать землю иностранцам?

Спрашивали – отвечаем.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🙂 Сенатор Нұрлан Бекназаров төрағалық еткен отырыста қылмыстық-атқару жүйесінің қазіргі жай-күйі, заңнаманы жетілдіру және сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу тетіктерін күшейту мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков және салалық органдар өкілдері баяндама жасап, пробацияны дамыту мен қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттарына назар аударды.

Кездесу қорытындысында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіру және сотталғандарды оңалту шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Толығырақ

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM