Депутаттар Оман Сұлтандығымен қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді және ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңдарды талқылауға шығарды. Бұл құжаттар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, инвестиция тартуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар Палата отырысында педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң, сондай-ақ бірқатар өзге де заң қаралады.
Отырыс барысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттер арасында бөліп берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев екі ел басшыларының тұрақты диалогы өзара сенім мен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту, агроөнеркәсіп, инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелеріне назар аударылды. Чжао Лэцзи Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында Ислам даму банкінің сумен жабдықтау және ирригация саласындағы жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
🙂 Комитет төрағасы Әли Бектаев климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын тиімді басқарудың маңызына тоқталып, халықаралық қаржы институттарымен бірлескен жобалардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Отырыста су инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу және өңірлердің су қауіпсіздігін нығайту мәселелері қаралды.
Талқылауға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Ислам даму банкінің, «Қазсушар» РМК-ның, жергілікті атқарушы органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында жобалық құжаттарды өзектендіру, инженерлік кадрлық әлеуетті күшейту және су саласын цифрландыру мәселелеріне де назар аударылды.
🚀 @senate_kz
Талқылауға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Ислам даму банкінің, «Қазсушар» РМК-ның, жергілікті атқарушы органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында жобалық құжаттарды өзектендіру, инженерлік кадрлық әлеуетті күшейту және су саласын цифрландыру мәселелеріне де назар аударылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңдар қаралды.
🙂 Сенатор Талғат Жүнісов ұсынылған түзетулер педагогтердің құқықтарын қорғауға, олардың мәртебесін нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, халықаралық кәсіби байқаулар жеңімпаздарына ҰБТ-сыз ЖОО-ға түсу мүмкіндігін беру, медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және педагогтерді өзіне тән емес жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.
🚀 @senate_kz
Сонымен қатар, халықаралық кәсіби байқаулар жеңімпаздарына ҰБТ-сыз ЖОО-ға түсу мүмкіндігін беру, медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және педагогтерді өзіне тән емес жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM