СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂 Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар күн тәртібіндегі бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.

Сенаторлар Қазақстан мен Оман арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялады. Құжат екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ ЕАЭО мен үшінші елдер арасындағы кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісім мақұлданды. Бұл қадам Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Палатада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдар да қаралды. Түзетулер мүдделер қақтығысының алдын алу, кадрлық процестерді цифрландыру және ішкі бақылауды күшейтуге бағытталған.

Бұдан бөлек, педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңдар екі оқылымда мақұлданды. Заңдар педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейтіп, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тетіктерді жетілдіруді көздейді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Maxim Spotkay / Channel
⚡Педагоги будут нести ответственность за учеников только в рабочее время

✅ Сенаторы одобрили закон по вопросам статуса педагога, образования, здравоохранения и защиты прав ребенка. Нововведения направлены на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование системы образования.

🔹 Закрепляется норма о том, что педагог и руководство организации образования несут ответственность за обучающихся исключительно в период осуществления профессиональной деятельности и исполнения должностных обязанностей.

🔹 Запрещается требовать от педагогов отчеты и информацию, не предусмотренные законодательством в сфере образования.

🔹 Вводится административная ответственность за требование вести документов одновременно на бумажном носителе и в электронной форме.

🔹 Министерство просвещения наделяется полномочиями по утверждению правил использования гаджетов обучающимися и воспитанниками в организациях среднего образования.

• Во время уроков мобильные устройства должны находиться в беззвучном режиме и не использоваться без разрешения педагога.
• На контрольных и экзаменах вводится полный запрет на использование телефонов, за исключением отдельных случаев по решению учителя.
• Использование смартфонов допускается только в образовательных целях – для работы с цифровыми платформами, проектами и учебными заданиями.


🔹 Акиматы будут обеспечивать участие обучающихся, являющихся региональными победителями, в олимпиадах по общеобразовательным предметам, конкурсах научных проектов республиканского уровня по перечню, определяемому уполномоченным органом в области образования.

🔹 Также законом урегулирована деятельность филиалов зарубежных вузов и внесены поправки по совершенствованию подготовки медицинских кадров.

t.me/mspotkay
❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣ҚР Парламенті Сенаты БАҚ өкілдері арасындағы «Парасат» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқауға Мемлекет басшысының бастамасымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды, конституциялық реформаның маңызын ашып көрсететін, сондай-ақ Сенаттың заң шығару қызметін кеңінен насихаттайтын журналистер, шығармашылық ұжымдар мен блогерлер қатыса алады.

🗓️Өтінімдер мен байқау жұмыстары 10 маусымға дейін қабылданады.

Толық ақпарат Сенаттың ресми сайтында.

_______

📣Сенат Парламента РК объявляет о старте конкурса для СМИ «Парасат».

К участию приглашаются журналисты, творческие коллективы и блогеры, которые освещают масштабные преобразования, реализуемые в стране по инициативе Главы государства, раскрывают значение конституционной реформы, а также рассказывают о законодательной деятельности Сената.

🗓️Прием конкурсных работ продлится до 10 июня.

Подробности — на официальном сайте Сената.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍1
Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге қатысты заңдар қаралды.

Түзетулер дағдарыс және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету тетіктерін күшейтуге, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау, мекемеаралық өзара іс-қимылды дамыту және ішкі процестерді цифрландыру мәселелері қамтылды.

Бұдан бөлек, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейтуге қатысты нормалар талқыланды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Токиода Азия елдері қазақтарының шағын құрылтайы өтті. Іс-шараға Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай қатысып, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында шетелдегі отандастармен байланысты нығайту, қазақ тілін, ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау мәселелері талқыланды.

🙂Бибигүл Жексенбай шетелдегі қазақтар тарихи Отанмен рухани байланысты сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ құрылтайда Азия елдері қазақтарының кеңесін құру бастамасы көтеріліп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Астанада Сенат пен Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына арналған бірлескен білім беру курсы басталды. Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды.

Курс аясында қатысушылар макроэкономика, инфляция, ақша-кредит және фискалдық саясаттың өзара байланысы, сондай-ақ экономикалық модельдеу мәселелерін зерделейді.

🙂Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді ақша-кредит саясатына ерекше мән беретінін атап өтті.

Биыл семинарға 80 адам қатысып отыр. Бағдарлама алғаш рет экономикалық талдауда жасанды интеллектіні қолдану тақырыбымен толықтырылды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM