СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге қатысты заңдар қаралды.

Түзетулер дағдарыс және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету тетіктерін күшейтуге, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау, мекемеаралық өзара іс-қимылды дамыту және ішкі процестерді цифрландыру мәселелері қамтылды.

Бұдан бөлек, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейтуге қатысты нормалар талқыланды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Токиода Азия елдері қазақтарының шағын құрылтайы өтті. Іс-шараға Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай қатысып, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында шетелдегі отандастармен байланысты нығайту, қазақ тілін, ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау мәселелері талқыланды.

🙂Бибигүл Жексенбай шетелдегі қазақтар тарихи Отанмен рухани байланысты сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ құрылтайда Азия елдері қазақтарының кеңесін құру бастамасы көтеріліп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Астанада Сенат пен Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына арналған бірлескен білім беру курсы басталды. Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды.

Курс аясында қатысушылар макроэкономика, инфляция, ақша-кредит және фискалдық саясаттың өзара байланысы, сондай-ақ экономикалық модельдеу мәселелерін зерделейді.

🙂Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді ақша-кредит саясатына ерекше мән беретінін атап өтті.

Биыл семинарға 80 адам қатысып отыр. Бағдарлама алғаш рет экономикалық талдауда жасанды интеллектіні қолдану тақырыбымен толықтырылды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жазбасы

Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл – зұлмат жылдарда құрбан болған жандардың рухына тағзым ететін және тарихтан тағылым алатын маңызды дата.

Жалпы, тарихтың ақтаңдақ беттерін ашып, оны объективті зерделеу, бірінші кезекте, Тәуелсіздіктің қадірін түсіну және бүгін мен болашақ туралы дұрыс пайым жасау үшін қажет. Сондықтан кейінгі жылдарда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда.

Соның аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, архив құжаттары зерттеліп, бұрын құпия болған көптеген дерек ғылыми айналымға енгізілді. Бұл – ұлтымыздың тарихи санасын жаңғырту және Мемлекет басшысы айтқан әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы аса маңызды қадам.

Төл шежірені түгендеу – өткенге оралу емес. Басты мақсат – халқымыздың басына түскен қасіретті кезеңдерден сабақ алып, оның қайталануына жол бермеу. Бұл – ата-бабалар мен келер ұрпақ алдындағы қастерлі міндет.

Ұлт тағдыры сынға түскен ондай зобалаң енді ешқашан қайталанбасын! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Facebook желісіндегі жеке парақшасынан

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👩🏼‍🏫Педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту үшін қандай нормалар қарастырылуда? Сенат тиісті заңды мақұлдады.
 
🇰🇿🇷🇺Екіжақты ынтымақтастықты арттыру Қазақстан мен Ресей сенаторларының назарында. Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.
 
🏠Тұрғын үй саясатындағы олқылықтар қайтсе жойылады? Бұл мәселе депутаттық сауал арқылы көтерілді.

🎬Толығырақ Сенат сөзінде

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏠Жильё есть – инфраструктуры нет. Почему буксует жилищное строительство в регионах?

👩🏻‍🏫Что запрещено требовать от учителей? Как закон защитит педагогов.

🎬Подробнее в программе “Время Сената”

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат Бюросының отырысы өтті. Депутаттар 4 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады.

Алдағы отырыста сенаторлар заңнаманы Конституция талаптарына сәйкестендіруге, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіруге бағытталған заңдарды қарайды.

Сондай-ақ ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әскери қызмет мәселелеріне қатысты түзетулер талқыланады.

Бұдан бөлек, күн тәртібіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ басқа да бірқатар заң енгізілді.

Отырыс барысында Мәжіліс қабылдаған заңдар тұрақты комитеттер арасында бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Сенаттың жұмыс жоспары талқыланды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM