Сапар аясында Жақып Асанов Армения Парламентінің Төрағасы Ален Симонянмен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Абисогомонянмен және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесіп, сайлауалды науқанның барысы мен сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлау өткізу мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ереванда жұмыс істеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған заң қаралды.
Құжатта шетелдегі әскери өкілдіктердің құқықтық мәртебесін айқындау, әскери қызметшілерді іріктеудің цифрлық рейтинг жүйесін енгізу және олардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ әскери қызметшілерге қосымша кепілдіктер беру мен әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге қатысты нормалар талқыланды.
🚀 @senate_kz
Құжатта шетелдегі әскери өкілдіктердің құқықтық мәртебесін айқындау, әскери қызметшілерді іріктеудің цифрлық рейтинг жүйесін енгізу және олардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ әскери қызметшілерге қосымша кепілдіктер беру мен әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге қатысты нормалар талқыланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1👏1
Ақтауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен ұйымдастырылған «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогының жартылай финалдық кезеңі өтті.
🙂 Жарыстың ашылу рәсіміне Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров қатысып, Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізді.
Сенатор шахматтың зияткерлік әлеуетті дамытудағы маңызына тоқталып, турнирдің білім мәдениетін нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Биыл жарыстың іріктеу кезеңдеріне еліміздің барлық өңірінен 1100-ден астам әуесқой шахматшы қатысты. Ақтауда өткен жартылай финалда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының үздік ойыншылары бақ сынап, жеңімпаздар Астанада өтетін «Senat Open – 2026» гранд-финалына жолдама алды.
🚀 @senate_kz
Сенатор шахматтың зияткерлік әлеуетті дамытудағы маңызына тоқталып, турнирдің білім мәдениетін нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Биыл жарыстың іріктеу кезеңдеріне еліміздің барлық өңірінен 1100-ден астам әуесқой шахматшы қатысты. Ақтауда өткен жартылай финалда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының үздік ойыншылары бақ сынап, жеңімпаздар Астанада өтетін «Senat Open – 2026» гранд-финалына жолдама алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды.
Отырыс барысында бюджет қаржысын тиімді пайдалану, мемлекеттік шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру және аудит нәтижелері қаралды. Сенаторлар бюджет ресурстарын ұтымды басқару мен анықталған кемшіліктерді жою мәселелеріне назар аударды.
Талқылау қорытындысы бойынша Комитет Үкіметтің есебін және Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын Сенаттың қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.
🚀 @senate_kz
Отырыс барысында бюджет қаржысын тиімді пайдалану, мемлекеттік шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру және аудит нәтижелері қаралды. Сенаторлар бюджет ресурстарын ұтымды басқару мен анықталған кемшіліктерді жою мәселелеріне назар аударды.
Талқылау қорытындысы бойынша Комитет Үкіметтің есебін және Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын Сенаттың қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Толық ақпарат Сенаттың ресми сайтында жарияланған
_____
Подробная информация - на официальном сайте Сената
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2❤1