Талқылау барысында 2025 жылы экономиканың 6,5 пайызға өскені атап өтілді. Дегенмен бюджетті жоспарлау сапасы, борыштық жүктеме, өңірлердің орталыққа тәуелділігі және қаржының тиімсіз бөлінуі сияқты мәселелерге назар аударылды. Сенат Спикері бюджет қаражаты нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталуы тиіс екенін айтты.
Отырысқа Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Сенаторлар қосымша баяндама жасайтын депутатты бекітіп, экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заңды қарады.
Сонымен қатар Палата отырысында экология және экономиканы жетілдіруге қатысты заң бірінші оқылымда қаралды. Ол экологиялық бақылауды күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM