СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында 25 маусымда өтетін Палата отырысының күн тәртібі бекітілді.

Сенаторлар алдағы отырыста экология, психологиялық қызмет, мемлекеттік басқару, қаржы нарығын жетілдіру, әлеуметтік заңнама және кедендік реттеу мәселелеріне қатысты заңдарды қарайды. Сонымен қатар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау жоспарланған.

Сондай-ақ күн тәртібіне депутаттар бастамашылық еткен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамытуға қатысты заңдар енгізілді. Құжаттар радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және осы саладағы құқықтық реттеуді күшейтуге бағытталған.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ҰҚШҰ аясындағы ұжымдық қауіпсіздік тетіктерін жетілдіруге және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты заңдар қаралды.

Депутаттар ҰҚШҰ күштері мен құралымдарының мәртебесіне, әскери тасымалдарды ұйымдастыруға қатысты хаттамаларды, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктері мен елшілер резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімді талқылады.

Қаралған құжаттар қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Сенат пен Ұлттық Банктің бірлесіп ұйымдастырған ақша-несие саясаты жөніндегі төрт апталық білім беру курсы аяқталды.

Биыл жобаға 80 тыңдаушы қатысып, базалық мөлшерлеме, инфляцияны таргеттеу, валюта тәуекелдері және макроэкономикалық саясаттың негізгі тетіктері бойынша білімін жетілдірді. Бағдарлама теориялық дәрістермен қатар практикалық талқылаулар мен кейстерді де қамтыды.

Жоба Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сараптамалық қауымдастықтың талдау әлеуетін арттыру және кәсіби диалогты дамыту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👏1