СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында әлеуметтік заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң қаралды.

Құжат көші-қон саясатын дамыту, инклюзивті мәдениетті қолдау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және техникалық-кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін қамтиды.

Заңда еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін дамыту және кадр даярлау сапасын күшейту көзделген. Депутаттар бұл өзгерістер халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және сараптамалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Жақып Асанов цифрлық технологиялардың дамуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ тараптар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіру, азаматтық қоғаммен өзара байланыс және бірлескен сараптамалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында нотариаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты заң қаралды.

Құжат нотариат саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Заңда нотариаттық цифрлық архив құру, атқарушылық жазбаларды автоматты бөлу жүйесін енгізу, нотариустардың жауапкершілігін күшейту және мемлекет кепілдік берген заң көмегінің аясын кеңейту көзделген. Сондай-ақ азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну кезіндегі құқықтық қорғалуын күшейтуге арналған нормалар енгізіледі.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM