Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сенатор Нұртөре Жүсіп бюджеттің тиімділігі бөлінген қаражат көлемімен емес, оның азаматтардың өміріне тигізетін нақты әсерімен бағалануы тиіс екенін айтты.
Оның пікірінше, сапалы білімнің қолжетімділігі, медициналық көмектің сапасы, халық табысының өсуі және азаматтардың әл-ауқаты мемлекеттік саясаттың басты көрсеткіші болуы қажет.
Сондай-ақ сенатор бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру, жауапкершілікті күшейту және бюджетке енгізілетін өзгерістердің ашықтығын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Биыл турнирдің іріктеу кезеңдеріне еліміздің барлық өңірінен 8 мыңнан астам әуесқой шахматшы қатысып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен үш есеге артты.
Мәулен Әшімбаев қатысушыларды құттықтап, «Senat Open» турнирі Қазақстанда шахматты бұқаралық интеллектуалдық қозғалыс ретінде дамытуға серпін беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар 10 аталым бойынша анықталып, үздік өңірлік командаға «Senat Open 2026» бас кубогы табысталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤2
Сенатта журналистерге арналған дәстүрлі «Парасат» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады және журналистердің мемлекеттік реформаларды халыққа түсіндірудегі қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
Биыл байқауға 150-ден астам өтінім түсті. «Парасат» байқауының жеңімпаздары:
📺 «Үздік телевизиялық материал» – Ирина Әлімжанова (Qazaqstan), Ердәулет Байдуллаев (Хабар), Әлібек Рзабаев (Бірінші Еуразия телеарнасы).
📰 «Мерзімді баспасөздегі үздік материал» – «Время» газетінің ұжымы, Гүлзина Бектасова (Aiqyn), Қарагөз Сімәділ (Ana tili).
🌐 «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» – Руслан Ғапбасов (ҚазАқпарат), Рабиға Дүйсенғұлова (Tengrinews.kz), Зарема Абдрахметова (BES.media).
📱 «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» – Сабина Садиева, Тимур Асылханов.
🔹 «Жылдың үздік сараптамалық материалы» арнайы сыйлығы – Боян Бркич (Euronews).
🔹 «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы – Бану Әділжан (Egemen Qazaqstan).
🚀 @senate_kz