RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірнеше құжатқа қол қойды

— Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;

— Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.

https://t.me/sn_kz
👍5
Стример Mellstroy -ға Қазақстанда іздеу жарияланды

Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі бастады.

Андрей Бурим (Mellstroy) — құмар ойындарға қатысты трансляцияларымен танымал блогер және стример.

Жуырда қазақстандықтар Буримнің онлайн-казиносын алға жылжытуға бағытталған конкурсына жаппай қатыса бастаған.

https://t.me/sn_kz
🔥3👍2
Жауын-шашын, боран және тұман — дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыста төменгі боран соғады деп болжанған.

Қазақстанның қалған аумағында — жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Республика бойынша тұман болады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның 14 облысында дабылды ескерту жарияланды.

https://t.me/sn_kz
👍4
Ақмола облысында бұрын адам өлтірген және шизофрения диагнозы бар азаматтар мүгедектерге қамқоршы болған

«Уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөніндегі шараларды да қабылдамаған. Соның салдарынан облыста қайтыс болған 28 адамның деректері базаға әлі де “әрекетке қабілетсіз” санатындағы тұлғалар ретінде енгізіліп тұрған», – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, заңға қайшы тағайындалған қамқоршылар қызметінен шеттетіліп, есептік деректер түзетілді, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

https://t.me/sn_kz
😱6🤯2😢1
Атырауда Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі жарияланды

Судья Зарема Хамидуллина 2025 жылдың 18 қыркүйегінде басталған екі айға жуық сот процесінен кейін үкімді жариялады. Қылмыстық іс 24 томнан тұрған.

Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов ерекше қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

https://t.me/sn_kz
🔥4🤯3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арман Дүйсеновтің отбасына қатысты істі заңгер Мейірман Шекеев алды

Заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің отбасының ісін қолға алды. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында іс көлеңкелі екенін және оны кәмелетке толмағандар жөніндегі сот қарауы тиіс екенін атап өтті, себебі отбасының 13 жастағы ұлы бар.

Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы пәтерден айырылып қалу қаупі бар екенін айтып, сот шешімінің заңсыз екенін және әділ шешім үшін президенттен көмек сұраған. Пәтердің құны – 140 млн теңге, ал марқұм ұлының досы оған 65 млн теңге салғанын айтып, сотқа жүгінген. Сот пәтерді босату туралы шешім шығарған.

«Бұрынғыдай арқа сүйер азаматым жоқ, 13 жастағы ұлым бар, баруға жерім жоқ», - деді Айсұлу Айданқызы


https://t.me/sn_kz
👍4
⚡️ Еліміздегі алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталады

Атау үшін өткен байқауға 27 мыңнан астам өтінім түсті. Бұған дейін АЭС-ті «Росатом» компаниясы салатыны хабарланған.

https://t.me/sn_kz
👍4🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БҚО-дағы сұмдық жол апаты: 8 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында Чапай – Жаңақала – Сайхин трассасында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan бетпе-бет соқтығысып, көліктердің біреуі өртенді.

Салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, төрт адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалып, полиция мен ТЖД оқиға орнында жұмыс істеуде.

Биыл Қазақстанда 29 мыңнан астам жол апаты тіркелген, олардың ішінде қарсы жолаққа шығу ең көп адам өліміне әкелетін себеп болып отыр.

https://t.me/sn_kz
😱5😢5🤯2
Еліміздің барлық облысына дабылды ескерту жарияланды

Бүгін елдің батысында жаңбыр мен кар аралас жауын-шашын күтіледі. Қалған өңірлерде ауа райы құрғақ болады.

Республика аумағының басым бөлігінде тұман түседі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді.

https://t.me/sn_kz
🔥3👍1🤯1😱1
Тоқаев Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттен 12 адам, оның ішінде 9 бала қаза тапқан.

Президент Үкімет пен облыс әкіміне марқұмдардың жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуді міндеттеді.

https://t.me/sn_kz
😢3🤯2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісайдағы өрт: қаза тапқандардың ішінде 1 жасар сәби де бар

Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың ең кішісі 2024 жылы туған. Көз жұмған балалар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылғы.

Бесеуі бір отбасыдан – үш қыз және екі ұл, екінші отбасыдан 2018 жылғы қыз аман қалды.

Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды.

https://t.me/sn_kz
😱3😢3
Жетісайдағы өрттен қаза болғандардың аты-жөні жарияланды:

▪️Шойбеков Дәуренбек Талғатбекович, 15 қазан 1991 ж.т. (үй иесі)
▪️Амантурдиева Динара Қадырбекқызы, 10 қаңтар 1994 ж.т. (әйелі)
▪️Талғатбек Әсия Дәуренбекқызы, 17 желтоқсан 2015 ж.т.
▪️Талғатбек Дана Дәуренбекқызы, 22 шілде 2017 ж.т.
▪️Талғатбек Алихан Дәуренбекұлы, 19 ақпан 2021 ж.т.
▪️Талғатбек Амирхан Дәуренбекұлы, 19 ақпан 2021 ж.т.
▪️Талғатбек Алуа Дәуренбекқызы, 18 наурыз 2019 ж.т.
▪️Умирзақова Маржан Альдьярова, 8 қаңтар 1990 ж.т.
▪️Талғатбек Жансая Олжасбекқызы, 16 қаңтар 2009 ж.т.
▪️Талғатбек Ассабур Олжасбекұлы, 6 желтоқсан 2010 ж.т.
▪️Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы, 5 қыркүйек 2012 ж.т.
▪️Талғатбек Раяна Олжасбекқызы, 20 наурыз 2024 ж.т

https://t.me/sn_kz
😢8😱1
23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза тапты

Астанада көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада көз жұмды.

«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды: тұрғын үй кешенінің қасбетінде орналасқан сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бір бөлігі құлаған кезде қызметтік міндетін атқарып жүрген фельдшер ауыр жарақат алып, 18 қарашада көз жұмды», – делінген хабарламада.

8 қарашадан бері қыз реанимацияда аса ауыр жағдайда жатқан.

https://t.me/sn_kz
😢5😱2🤯1
"Қайрат" "Олимпиакос" пен "Брюгге" клубтарымен матчтарды Астанада өткізеді

Футбол клубының хабарлауынша, Алматыдағы қыс, қардың көп түсуі және стадионда шатырдың болмауына байланысты Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Олимпиакос" (9 желтоқсан) және "Брюгге" (20 қаңтар) командаларына қарсы ойындар "Астана Арена" стадионында өтетін болды.

Билеттердің бағасы 15 000–50 000 теңге көлемінде болады. Сатылым 28 қарашада Qairat SuperApp және Freedom SuperApp қосымшаларында басталады.

https://t.me/sn_kz
👍5😁1
Бозымбаев тұрғын үйлер, жатақханалар мен хостелдерге жаппай тексеріс жүргізуді тапсырды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы жеке үйде болған қайғылы өрттің себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия отырысын өткізді. Жиында ТЖМ, Еңбек министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ІІМ, Энергетика министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Кабминнің мәліметінше:
«Өрттен аман қалған үш адам қазір реанимацияда. 1986 жылы туған ер адам өз күшімен үйден шыққан. Оның денесінің 12%-ы күйген, жағдайы ауыр. 1991 жылғы ер адам мен 2018 жылғы бала 30% және 11% күйік алып, аппаратқа қосылған. Шымкенттен санитарлық авиация тобы аттанды», — делінген хабарламада.

Өрттің нақты себебі әзірге анықталмаған. Оқиға орнында ТЖМ-ның жедел тобы жұмыс жүргізіп жатыр.

Қанат Бозымбаев ІІМ-ге тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ал ТЖМ-ге тұрғын үйлерде, әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлерінде, сондай-ақ жатақханалар мен хостелдерде жаппай тексеріс ұйымдастыруды міндеттеді. Вице-премьер үй шаруашылықтарындағы пеш жабдықтарының күйіне ерекше назар аударуды тапсырды.

https://t.me/sn_kz
👍4
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлдана Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

https://t.me/sn_kz
😢5👍3