RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Жетісу облысында жер сілкінісі болды

26 қараша 2025 жылы Астана уақытымен 7:15-те ҚР ТЖМ-ге қарасты “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында, Алматыдан 160 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Жер сілкінісінің сезілуі – 2 балл. Зардап шеккендер мен бұзылған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
🤯5
Ақтөбе облысында жүк көлігінен заңсыз мигранттар анықталды

Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара жасағы “Жайсан” өткізу пунктінде анықтады.

Мигранттар құрылыс материалдары тиелген жүктің арасынa жасырынған.

Қазіргі уақытта тергеу басталды.

https://t.me/sn_kz
😁2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бейнеуде 17 жастағы бала рөлге отырып, полиция көлігін соғып кетті

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 17 жастағы жасөспірім басқарған Toyota полиция көлігімен соқтығысты.

Оқиға бейнекамераға түсіп, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Зардап шеккендер жоқ.

Баласының көлік басқаруына жол бергені үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
7 жылға дейін бас бостандығынан айыру: Қазақстанда дәрігерлерге жасалған шабуылдар үшін жазаны күшейтпек

Қазақстанда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне жасалған шабуыл үшін қатаң санкциялар енгізу ұсынылып отыр. Ұсынысқа сәйкес, айыппұл мөлшері 2 миллион теңгеге дейін, ал бас бостандығынан айыру мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін болуы мүмкін.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бір дәрігерге жасалған шабуыл ондаған орындалмаған шақыртуға және жүздеген науқастың уақытылы көмек ала алмауына әкеледі.

“Бір бұзақының кесірінен бір бригада мен бір машина істен шығады, жедел көмектің келу уақыты ұлғаяды. Ал инфаркт, инсульт жағдайында әр минут маңызды. Бұл – адамның өмірі мен өліміне қатысты мәселе”, — деді Аймағамбетов.

Ол сондай-ақ соңғы 5 жылда медицина қызметкерлеріне жасалған 280 шабуыл тіркелгенін, бірақ нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты — көп жағдайда дәрігерлер полицияға жүгінбейді.

https://t.me/sn_kz
👍3😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды

🇰🇿🇰🇬Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы әрі Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

https://t.me/sn_kz
👍2
«Қайрат» тартысты матчта сырт алаңда «Копенгагеннен» жеңілді

«Копенгагенмен» өткен Чемпиондар лигасы матчында «Қайрат» 3:2 есебімен жеңілді. Дания клубы үш гол айырмасымен алға шыққанымен, алматылықтар ойын соңында есепті қысқартты.

81-минутта 17 жастағы Дастан Сәтпаев гол соғып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан ең жас қазақстандық атанды. 90-минутта Ольжас Байбек нәтижені түйіндеді — оған голдық пас Георги Зария жасады.

«Қайрат» негізгі кезеңде төртінші рет жеңіліп, бір ұпаймен 35-орында тұр. Келесі ойын 9 желтоқсанда «Астана Аренада» «Олимпиакосқа» қарсы өтед
👍2😢1
27 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райының жалпы болжамы

Қазақстанның бірқатар облыстарында бүгін ауа райы күрделене түседі. Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі метель күтіледі. Кей жерлерде туман түседі. Желдің екпіні 15–25 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарында туман күтіледі.

Алматы қаласында – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күн жылы: түнде 0–2°, күндіз 12–14° жылы.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, күн ашық: түнде –1…+1°, күндіз 16–18° жылы.
Астанада – ауыспалы бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар. Түнде және күндіз температура шамамен 0°.
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дастан Сәтпаев – қазақ футболын Еуропа тарихына енгізген жас жұлдыз

“Қайраттың” жас таланты Дастан Сәтпаев “Копенгаген” қақпасына гол соғып, футбол тарихында маңызды белеске жетті.

Осы нәтижеден кейін ол Чемпиондар лигасында мерген атанған алғашқы қазақ қана емес, сонымен қатар турнир тарихындағы ең жас үш гол соққан ойыншының қатарына кірді.

Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққан футболшылар:
1. Ансу Фати — 17 жас 40 күн (Интер 1:2 Барселона, 10.12.2019)
2. Ламин Ямаль — 17 жас 68 күн (Монако 2:1 Барселона, 19.09.2024)
3. Дастан Сәтпаев — 17 жас 106 күн (Копенгаген 3:2 Қайрат, 26.11.2025)
4. Виктор Дадасон — 17 жас 113 күн (Копенгаген 2:4 Дортмунд, 21.10.2025)
5. Джордж Иленикена — 17 жас 119 күн (Антверпен 3:2 Барселона, 13.12.2023)
6. Антонио Нуса — 17 жас 149 күн (Порту 0:4 Брюгге, 13.09.2022)

https://t.me/sn_kz
👍4🔥2👏1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшақтағы тосын жағдай: министр жолаушыға дәрігерлік көмек көрсетті

Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушының денсаулығы нашарлап қалған сәтте оған көмек көрсеткен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екені белгілі болды.

Оқиғаға куә болған жолаушы әлеуметтік желіде жазғандай, бұл жағдай таңертең, ұшақ ұшуға дайындалып жатқан кезде болған. Бір қыз өзін нашар сезініп, дәрігер шақыра бастаған. Сол кезде бір әйел оның қан қысымын өлшеп, қажетті дәрілер мен су, шай беріп, жағдайының қалыпқа келгенін тексерген. Нәтижесінде жолаушыға әрі қарай ұшуға рұқсат берілген.

Әлеуметтік желі қолданушысы сол көмек көрсеткен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екенін кейіннен білген.

https://t.me/sn_kz
👍5🔥1😁1
‼️ Гонконгта шамамен 4 мың адам тұратын тұрғын үйде ірі өрт шықты

Апатты өрт салдарынан 12 адам көз жұмды, тағы 16 адам ауыр жарақаттанды. Жалын өте жылдам тарап жатқандықтан, полиция жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға кірісті.

https://t.me/sn_kz
🤯2😱1😢1
Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін аяқтады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметін Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков атқарады. Ол бұл лауазымға үш жыл мерзімге тағайындалды.

Мемлекет басшылары Иманғали Тасмағамбетовке атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

https://t.me/sn_kz
👍4
Келіншек сәлем салмағаны үшін жанжал шығып, іс сотқа дейін жетті

Жамбыл облысының Жуалы ауданында үйлену тойынан кейін отбасылық дау шықты. Той барысында күйеуі жас жұбайына өзінің үлкен әпкесіне сәлем салу керегін айтқан. Алайда әйелі бұл дәстүрді орындаудан бас тартқан.

Үйге келгеннен кейін ер адам ашуға булығып, жұбайына ауыр сөздер айтқан. Әйелдің айтуынша, ол тіпті анасын шақырып, қызын алып кетуді талап еткен. Осы оқиғадан соң келіншек күйеуін сотқа берген.

Сот отырысында ер адам айыбын мойындап, жұбайынан кешірім сұрады. Тараптар татуласқандықтан, іс жүргізу тоқтатылды.

https://t.me/sn_kz
🤯3😱2🤔1🤬1
💰 2026 жылға АЕК және әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшері бекітілді

Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен басқа төлемдерді бекітті. Зейнетақы 10%-ға өседі.

Белгіленген мөлшерлер:
• ең төменгі зейнетақы – 69 049 тг
• базалық зейнетақы – 35 596 тг
• ең төменгі жалақы – 85 000 тг
• АЕК – 4 325 тг
• күнкөріс деңгейі – 50 851 тг

Бұл өзгерістер 2026–2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді.

https://t.me/sn_kz
👎3👍1🤔1
Қазақстанның 13 облысында дабылды ескерту жарияланды

28 қараша, жұма күніне еліміздің бірден 13 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Бірқатар облыстарда түнде және таңертең тұман күтіледі, ал кей жол учаскелерінде көктайғақ, қар және төмен боран байқалуы мүмкін.

Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында көріністі қиындататын қалың тұман болмақ.

Ең қолайсыз ауа райы Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі. Бұл өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады, боран соғып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда облысында тұман 30 қарашаға дейін сақталады деп болжануда.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығының иегері атанды

«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Дарын» сыйлығын «Спорт» саласы бойынша иеленді. Алайда ол марапаттау рәсіміне Чемпиондар лигасына дайындық кестесінің тығыздығына байланысты қатыса алмады. Оның орнына құттықтау сөзін видео арқылы жолдады.

Салтанат кезінде Дастан Копенгагенде болып, жергілікті клуб қақпасына бір гол соқты. Бірақ матч «Копенгагеннің» 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

https://t.me/sn_kz
👍4🔥1
Астанада ауылдық әкімдердің диалог алаңы өтіп жатыр

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды міндеттерді айқындайтын сөз сөйлейді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған.

https://t.me/sn_kz
👍2