Қазақстанда жүргізушілерге баллдық жаза жүйесі енгізілуі мүмкін
Әрбір жол ережесін бұзу – белгілі бір мөлшердегі балл. Бұл баллдар арнайы цифрлық базаға жинақталып отырады.
Жүргізуші белгілі бір шекке жететін балл жинаса, оны емтиханды қайта тапсыруға жібереді. Бас прокуратураның айтуынша, мұндай жүйе ереже бұзатындарды тезірек анықтауға және жолдағы тәртіпті арттыруға көмектеседі.

🤯5👍1
🔹1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?
🔹Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
🔹Жетісайдағы жантүршігерлік өрт: ауруханада жатқан 7 жастағы қыз қайтыс болды
🔹Президенттің тікелей тапсырмасы: Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті
🔹Алматыда белгісіз ер адам пәтер есігіне өрт қойды
🔹«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды
🔹Қазақстандық ерлі-зайыпты Австралиядағы ойынханадан 613 миллиард теңгеден астам ақша ұрлаған
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңбыр, қар және көктайғақ — сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын болады, көктайғақ күтіледі. Батыс өңірде жаңбыр жауады деп болжануда.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман болады, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі күтіледі. Дабылды ескерту 16 өңірге қатысты жарияланды.

👍1
Алматы – Бішкек трассасында болған ірі апат: жеті адам мерт болды
Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, жеңіл көлікте болған жеті адам алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.
Қазір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

😢2🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Ауру балалар жеңіл жүрістілерден туады» деген блогер ұсталды
Әлеуметтік желіде дауға себеп болған видеосы үшін Гүлнар есімді блогер полиция тарапынан ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, жиналған материалдар ұсақ бұзақылық бабымен сотқа жолданбақ.
Бұған дейін блогер желіде «ауру балалардың ата-анасы кезінде жеңіл жүрісті болғандықтан, солай туған» деген мазмұнда видео жариялап, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар ата-аналардың наразылығын тудырған еді. Ашуланған ата-аналар полицияға шағым түсіргеннен кейін іс құқық қорғау органдарымен қарала бастады.

🤯5👏1
Қазақстанда электр энергиясының тарифі 2032 жылға дейін өспейді
Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған жаңа бұйрық жобасын ұсынды. Құжатта электр энергиясына арналған шекті тарифтер 2025 жылғы көрсеткіш деңгейінде қалатыны жазылған. Яғни алдағы алты жылда тарифтің қымбаттауы жоспарланбайды.
Министрліктің мәліметінше, бұл шешім бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейді, себебі тарифтер бұрынғы мөлшерде қайта бекітіледі.
Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек.
📌 Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ставка — жаман нәрсе»: Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға үн қатты
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы саналатын Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, отандастарына маңызды өтініш айтты.
Боксшы жастарды алдағы демалыста өтетін өзінің жекпе-жегіне «ставка» қоймауға шақырды.
«Маған әрбір қазақ қымбат! Ешкімнің отбасына қиындық тимесін деймін. Жастарға айтарым — құмар ойындардан аулақ болыңдар, менің жекпе-жегіме ставка қоймаңдар!», — деп жазды ол.
Ал осы жексенбіде Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесіп, үш белбеуді бірден сарапқа салмақ.

👍5🔥1👏1
🔹Тоқаев еліміз Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді
🔹Астанада екі көлік соқтығысып, жолда тұрған екі адамды қағып кетті
🔹Алматыда ІІМ академиясының курсанты 17 жастағы қызды ұрып-соқты деп айыпталды
🔹Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды
🔹«Алматы — Бішкек» тасжолында көлік апатынан жеті адам қаза тапты
🔹Байқоңырда мектептің бас есепшісі 52 миллион теңге жымқырған
🔹«Мамасының баласы»: Ұзату тойда гүлді бірінші өз анасына берген жігіт көпшілікке жақпай қалды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг-тесті оң сынама анықтады
Бұл туралы The Ring инсайдері Майк Коппинджер хабарлады. Допинг сынамасын боксшыларды ерікті түрде тексерумен айналысатын VADA ұйымы алған. Допинг анықталғаннан кейін 6 желтоқсан таңында Сан-Антониода өтуі керек болған жекпе-жек болмауы ықтимал.

🤯3😢1
Қазақстанның көп өңірінде тұман мен көктайғақ күтіледі
Синоптиктер 16 өңірдің тұрғындарын ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескертті. Әртүрлі облыстарда тұман, көктайғақ, қар, боран және желдің күшеюі күтіледі. Ұлытау, Қарағанды облысы, Астана, Алматы облысы және бірқатар батыс пен солтүстік өңірлерде түнде және таңертең қою тұман болжануда. Кей жерлерде көктайғақ болады, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола және Абай облыстарында жауын-шашын мен боран күтіледі, ал кейбір қалаларда, соның ішінде Өскеменде, қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту сақталып отыр.

🤯2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда 40 ресейлік жолаушы ұшақтан түспей қойды: Pegasus рейсіндегі жанжал
Pegasus-тың Стамбул—Ақтөбе рейсі алдымен 8 сағатқа кешігіп, кейін жоспарланған үш сағаттың орнына алты сағат ұшты. Бірақ ұшақ Ақтөбеге емес, Ақтауға, тіпті әуежайға емес далаға қонған. Экипаж жолаушыларға «рейс аяқталды, түсіңіздер» деп талап еткен.
Алайда 40 ресейлік жолаушы салоннан шықпай қойған.
КГА хабарлауынша, әуе компаниясы жолаушыларға Ақтөбеге жеткізуге қатысты міндеттемелерін растайтын электронды құжат жіберген.
Тараптар келісімге келіп, жолаушылар ұшақты тастап, оларға тұру мен тамақтану ұйымдастырылған.

🤯4😢1
Астанада қаза тапқан фельдшерге арналған аудитория мен ескерткіш жасалмақ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі хабарлады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана Мырзуанның есімін ұлықтауға бағытталған бірқатар шара әзірленіп жатыр.
Министрлік жедел жәрдем станциясымен бірге Ұлдана білім алған медицина колледжінде оның атымен аталатын арнайы аудитория ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар марқұм фельдшердің қабіріне ескерткіш белгі орнатылмақ.
Еске сала кетейік, Астанада тұрғын үйдің қасбеті опырылып, ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болған еді.

👍4😢2
Ақтаудағы AZAL ұшағы апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын
Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты.
Оның сөзінше, тергеу екі бағытта жүріп жатыр:
• Қылмыстық бөлігі – еліміздің Бас прокуратурасы Ресейдің тергеу органдарымен бірлесіп жүргізуде;
• Техникалық бөлігі – Көлік министрлігінің құзырында.
Бозымбаевтың айтуынша, Көлік министрлігі техникалық тергеудің соңғы кезеңіне жетті. Қазір аэронавигация жүйелерінің лицензиарлары мен өндірушілерінен қорытынды қорытындылар күтілуде.
Министрлік бұл жұмысты биылғы жылы немесе келер жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, AZAL әуе компаниясының ұшағы 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау жақын маңда апатқа ұшырап, оқиға себептері әлі анықталып жатыр.

🤔2😢1
⚡️ Мәжіліс қоғамдық орындарда ниқаб киюге тыйым салуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Ереже алғаш рет бұзылса – ескерту беріледі.
Қайталанса – 43 250 теңге (10 АЕК; 2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге) айыппұл салынады.
https://t.me/sn_kz
Ереже алғаш рет бұзылса – ескерту беріледі.
Қайталанса – 43 250 теңге (10 АЕК; 2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге) айыппұл салынады.
https://t.me/sn_kz
👍3
🔹Автокөліктер мен қонақүйге жайылған: Астанада алапат өрт шықты
🔹Әскери қызметшілердің өлімін тоқтату: Тоқаев кеңес өткізді
🔹Президент Аида Балаеваға бірқатар нақты тапсырма берді
🔹«Географиялық артықшылықты пайдалану қажет»: Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
🔹Жолаушы қаза тапты: Көлсайда туристер мінген көлік аударылып қалды
🔹Елімізде оң жақ рөлді көліктерді қолдануға толығымен тыйым салу ұсынылды
🔹Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның 14 өңірінде және Астанада 4 желтоқсанға дабылды ескерту жарияланды
Астанада тұман мен көктайғақ күтіледі. Бірқатар облыстарда жаңбыр мен қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ түнде және таңертең тұман түседі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Ең қолайсыз ауа райы Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында болжануда. Жолдарда тайғақ болып, көріну нашарлауы мүмкін. Синоптиктердің мәліметінше, кей қалаларда күндіз көктайғақ күшейіп, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аймақтарда жел бағыты өзгеріп, екпіні артады. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райы болжамдарын қадағалау ұсынылады.

Енді жол полициясы планшеттерден жеке деректерді қарай алмайды
Енді жол полицейлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке ақпараттарына қол жеткізе алмайды. Бұрын тәртіп сақшылары ереже бұзған адамның ЖСН нөмірін енгізу арқылы оның тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын, тіпті телефон нөмірін де көре алатын.
Жаңа тәртіпке сәйкес, планшетте мұндай мәліметтер көрсетілмейді. Полиция қызметкерлері ЖСН-ды тек әкімшілік хаттама толтыру мақсатында ғана енгізе алады. Бұл өзгерісті жүргізушілердің басым бөлігі оң қабылдады.

👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте жұбайына қоқан-лоқы көрсеткен ер адам әкімшілік тәртіппен қамауға алынды
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бір әйелдің өзге келіншекке қолдау көрсетіп, араша түскені байқалады. Оқиға көпшіліктің назарын аударып, полиция да видеоны тексеруге кіріскен.
Полицейлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал орын алған. Алайда жәбірленуші тарап шағым жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Дегенмен ер азаматтың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, ол қамауға алынды, деп хабарлады департамент өкілдері.

👍6🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жер сілкінісі болды
Қала тұрғындары жер асты дүмпулерін сезіп, мобильді телефондарынан сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар алған.
Сейсмологтардың мәліметінше, бұл дүмпулер Қытайдың Оңтүстік Синьцзян өңірінде болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты.
Қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.

RF
Алматыда жер сілкінісі болды Қала тұрғындары жер асты дүмпулерін сезіп, мобильді телефондарынан сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар алған. Сейсмологтардың мәліметінше, бұл дүмпулер Қытайдың Оңтүстік Синьцзян өңірінде болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен…
3 облыста жер сілкінісі тіркелді
ТЖМ мәліметі бойынша, жер дүмпуінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа 277 км жерде болды.
Магнитудасы – 6,7 MPV.
Сейсмикалық күш: Алматы қаласы – 3 балл, Алматы облысы – 2-3 балл, Жетісу облысы – 2 балл.
Жамбыл облысы – 2 балл

😢3