RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😁1
18 желтоқсанда елдің басым бөлігінде боран соғып, қар жауады

Ел аумағында:
• Қар, жаяу бұрқасын, кей жерлерде қалың қар,
• Көктайғақ пен тұман,
• Қатты жел (екпіні 15–20 м/с) күтіледі.

Қолайсыз ауа райы батыс, солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерді қамтиды. Ірі қалаларда, соның ішінде Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қонаев, Талдықорған, Атырауда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды.

https://t.me/sn_kz
👍3
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Президенттің Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді. Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

https://t.me/sn_kz
👍3
✈️ Екі күн қатарынан: Air Astana рейстерінде төтенше жағдай

Алматыдан Бангкокқа ұшқан Air Astana рейсі қозғалтқыштан шыққан қатты дыбыс пен күйік иісіне байланысты Делиге шұғыл қонды.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ төмендей бастаған. Барлық жолаушы аман, олар әуежай терминалына орналастырылды.

Бұл соңғы екі күндегі Air Astana-ға қатысты екінші төтенше жағдай.

https://t.me/sn_kz
🤯4👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Димаш құрметті профессор атанды

Димаш Құдайберген Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде құрметті профессор атанды.

Әншімен өткен кездесу барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов оған Қазақстанның халықаралық имиджін арттырудағы еңбегі үшін университеттің құрметті профессоры атағын табыс етті.

https://t.me/sn_kz
👍4👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Президент Жапонияда тұратын отандастарымызбен әңгімелесті

https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2
🇰🇿🇯🇵Жапония премьерінің офисінде Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Тоқаев пен Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Одан кейін Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді.

✔️Президент Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткен Санаэ Такаичиге ризашылығын білдірді.

https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1
Қазақстанда педофилия мен ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заң қабылданды

Сенат Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын қолдап, оны бірінші оқылымда бекітті. Құжат балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға бағытталған.

Заң ашық кеңістікте, БАҚ-та, интернет пен онлайн-платформаларда педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын контентті шектеуді көздейді. Сонымен қатар, ол дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге және неке мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған.

Заң аясында Еңбек кодексіне және тағы 12 заңға өзгерістер енгізіледі.

https://t.me/sn_kz
👍4
Қолайсыз ауа райы сақталады: синоптиктер дабылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Астана, Алматы қалаларында және елдің 16 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Жұма күні елімізде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжануда.

Толығырақ – сайтта.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Токио губернаторы Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен цифрландыру, Smart city, жасанды интеллект және орнықты даму бағытындағы ынтымақтастықты талқылады.

https://t.me/sn_kz
👍3🔥1
Оқушылар мәзірінде жылқы еті пайда болды

Мектеп асханаларында оқушыларға аптасына екі рет жылқы еті ұсынылатын болды. Бұл туралы депутаттардың сауалына жауап берген вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңартылған мәзірде көкөністер мен жемістердің үлесі көбейтіліп, тұз бен қант мөлшері жоғары тағамдар қысқартылған.

Сондай-ақ қант қосылған сусындар мен шырындардың орнына балаларға газдалмаған ауыз су, сүт және қант мөлшері төмен сусындар беріледі.

https://t.me/sn_kz
👍4👎1🤔1