🇰🇿🇯🇵 Президент елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
Сондай-ақ Жапония үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады.
Президенттің айтуынша, Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды.
Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
https://t.me/sn_kz

👍4
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді.
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды.
Осы форматтағы төрағалық Қазақстан тарапына өтеді.
https://t.me/sn_kz
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды.
Осы форматтағы төрағалық Қазақстан тарапына өтеді.
https://t.me/sn_kz
👍3
⚠️ «Қазгидромет» Астана, Ақтөбе және Атырау тұрғындарын ескертті
21 желтоқсан, жексенбі күні аталған қалаларда ауа сапасы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан ауада зиянды заттар жиналуы мүмкін.

👍2🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Автобустағы жанжал: Алматыда бір топ жігіт шетелдіктерге шабуыл жасады
Алматыда автобуста тұрған шетел азаматтарына бір топ жігіт шабуыл жасаған.
Оқиға 18 желтоқсанда болған, видео әлеуметтік желіде тарады. Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Жүргізуші тәртіп бұзушыны автобустан түсірген.

🤯3
Аңызға айналған актер әрі режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов өмірден өтті.
Ол қазақ киносы мен театрын әлемдік деңгейге шығарған белгілі актер еді.
Көрермендер оны Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов және Ка мырза рөлдерімен есте сақтайды.

😱3😢3
RF
Аңызға айналған актер әрі режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Ол қазақ киносы мен театрын әлемдік деңгейге шығарған белгілі актер еді. Көрермендер оны Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов және Ка мырза рөлдерімен есте сақтайды.…
🕊️ Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына сіңірген орасан зор еңбегін атап өтті. Ол саналы ғұмырын өнерге арнап, сахна мен экранда сан алуан бейнені жоғары шеберлікпен сомдаған дара тұлға болды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кәсіби өнер иесі ретінде қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырды.
Сондай-ақ Президент марқұмның жас буынға тәлім беріп, өнердегі рухани жалғастықты нығайтуға зор үлес қосқанын ерекше атап өтті. Өнегелі өмір сүріп, өнердің биік мұратын ұстанған Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталатыны айтылды.

😢3
Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👎1🤔1
22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
22 желтоқсанда Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, боран болады. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Ал солтүстік-батыс пен орталық өңірлерде антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, желдің екпіні күшейеді.

👍2
22 желтоқсанда Астана уақытымен 02:16-да Қытайдың Шыңжаң өлкесі Ақши ауданында магнитудасы 5 балл жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ақши ауданы Тянь-Шань тау жүйесіндегі сейсмикалық белсенді аймақ саналады.
Бұған дейін осы өңірде 4 желтоқсанда да магнитудасы 5,8–6 балл жер сілкінісі болып, Алматыда 2–3 балл деңгейінде сезілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯3😢1
1 қаңтардан бастап қазақстандықтарға жеке куәлік тегін беріледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу кезінде де, құжаттың қолдану мерзімі аяқталған соң ауыстырғанда да мемлекеттік баж төлемейді.
Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, мұндай тәжірибе елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Оның атап өтуінше, бастама Ішкі істер министрлігі тарапынан көтеріліп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жетісу облысында мысыққа «пранк» жасаған әйел жазаланды
Жетісу облысында әйел адамның мысығын кір жуғыш машинаға салып айналдырған видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғам наразылығын тудырды. Полиция әйелді анықтады. Ол әрекетін «пранк» деп түсіндірген. Мысық ветеринарлық тексеруден өтті, денсаулығына қауіп жоқ. Иесі әкімшілік жазаға тартылды.

🤯4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайтыс болған адамның атын жамылған алаяқ елордалық азаматшаны алдағысы келді
Астанада интернет алаяқтықтың кезекті әрекеті әшкереленді. Белгісіз ер адам елорда тұрғынына хабарласып, оған «сәлемдеме» келгенін айтып, сенімге кірмек болған.
Алаяқ қоңырау барысында жолданған зат үшін ешқандай төлем талап етілмейтінін жеткізген. Алайда ол сәлемдемені тұрғынның 9 жыл бұрын өмірден өткен әкесінің атынан жіберілген деп көрсеткен.
Күдік туған сәттен бастап тұрғын әңгіме барысын бейнежазбаға түсіріп алған. Кейін бұл жазба қалалық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының ресми парақшасында жарияланды.

👍3😱1
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
🟦 Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
🟦 ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.
🟦 Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👎2
Бүгінгі күннің басты жаңалықтары
🔹Мемлекет басшысы Ресей президентімен кездесті
🔹2025 жылы өмірден өткен ұлы тұлғалар: халық жадында қалған есімдер
🔹2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
🔹Алматыда жер сілкінісі болды
🔹Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
🔹Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілді
🔹Тіс емханасындағы бала өлімі: Анестезиологқа үкім шықты

Астана, Алматы және 17 облыста дабылды ескерту жарияланды
23 желтоқсанда елдің бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, қар, боран, сондай-ақ желдің жылдамдығы 20–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ең күрделі метеожағдайлар елдің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында, сондай-ақ таулы өңірлерде болжанып отыр.
Астана мен Алматыда синоптиктер тұман мен жолдағы көктайғақ туралы ескертеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және өзге де бірқатар облыстарда қар жауып, боран соғып, қатты жел күтіледі. Оңтүстік өңірлерде негізінен тұман мен көктайғақ болады деп болжануда.
Тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, алыс жолға шыққанда ауа райы жағдайын ескеруге кеңес беріледі.

👍1
Сиыр етінің шетелге сатуға уақытша шектеу қойылмақ
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін шетелге шығаруға қатысты жаңа шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, ірі қара етін экспорттауға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатуға алты ай мерзімге квота белгілеу көзделген. Қоғамдық талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
Министрлік бұл шараны ішкі нарықтағы сиыр еті бағасын тұрақтандыру мақсатында ұсынып отыр.
https://t.me/sn_kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін шетелге шығаруға қатысты жаңа шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, ірі қара етін экспорттауға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатуға алты ай мерзімге квота белгілеу көзделген. Қоғамдық талқылау 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
Министрлік бұл шараны ішкі нарықтағы сиыр еті бағасын тұрақтандыру мақсатында ұсынып отыр.
https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы жұрты аңыз адам Асанәлі Әшімовпен қоштасып жатыр
Бүгін, 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.
Жерлеу рәсімі «Кеңсай-1» зиратында өтеді.
Еске салайық, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген ондаған рөлді сомдап, бірнеше буын актердің қалыптасуына үлес қосты.

😢2