Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегерлерінің тізімі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Әл-Фараби атындағы сыйлық «Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласын» жасаған Мәліс Әбсәметов бастаған ғалымдар тобына және түсті металлургиядағы экологиялық қауіпсіз селен өндіру технологиясын әзірлеген Бақдәулет Кенжәлiұлы Кенжәлиев жетекшілік еткен зерттеушілерге берілді.
А.Байтұрсынұлы атындағы сыйлық археолог Зайнолла Самашев пен тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровқа табысталды.
https://t.me/sn_kz

👍1
RF
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты Ақтөбе облысында Самара–Шымкент тасжолында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен. …
Ақтөбеде жол апатына байланысты Республика күніне арналған гала-концерт пен отшашу өтпейді
Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Айта кетейік, кеше Самара–Шымкент трассасында жүк көлігі мен «ГАЗельдің» соқтығысуынан 12 адам қаза тапқан еді.

🤯2
⚡️Президент: «Мемлекетіміздің Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығы – еліміз үшін аса маңызды тарихи меже»
https://t.me/sn_kz
«Көптеген елдердің тарихына қарайтын болсақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі ретінде қызмет етеді. Сондықтан Егемендік туралы декларация, бұл – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі.
Егемендігімізді жариялаған алғашқы күннен бастап мемлекеттілігімізді бекемдеп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолынан айныған емеспіз. Бұл – ең дұрыс стратегия.
«Еңбек – берекенің бастауы» деп бекер айтылмаған. Біз адал, бәсекеге қабілетті азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіп, қолдауымыз керек. Жұмысшы мамандарын қадірлейтін қоғам құру маңызды», деді президент.
https://t.me/sn_kz
👍2
Алматыда автобус аялдамаға соғылды: Зардап шеккендер бар
Алматының Жетісу ауданында автобус аялдамаға соғылып, екі адам зардап шекті.
Полицияның хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 12:35 шамасында болған.
Yutong маркалы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюр мен аялдама кешеніне соғылған. Сол сәтте аялдамада тұрған жаяу жүргінші де қағылған.
Салдарынан жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысындағы әлеуметтік орталықта тәрбиеші мүгедектігі бар баланы аяусыз соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қарауындағы мүгедектігі бар баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарады.
Полиция мәліметінше, оқиға 2024 жылы болған, бірақ ол тек 2025 жылдың 25 қыркүйегінде белгілі болды.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәрбиеші мен куәгерлерден жауап алынып жатыр.

🤯3😱1
🔹Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
🔹«Шыңғысхан — қазақ!»: Шыңғысхан кімнің ұлы?
🔹Сиыр еті экспортына шектеу: Неге Үкімет мәңгі емес, жыл соңына дейін ғана тыйым салды?
🔹«Атам, әжем және мен»: Қарағанды саябағындағы мүсіндер жұрт наразылығын тудырды
🔹«Қарапайым халықтың арқасында...»: Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті
🔹Қазақстандағы қытай компанияларының көбеюі: экспансия ма, әлде экономикаға пайда ма?
🔹Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңбыр, тұман және желдің күшеюі — синоптиктер 25 қазанға арналған ауа райы туралы хабарлады
Сенбі күні елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман болжануда, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.

👍1🤯1
⚜️Президент Республика күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай барша халықты құттықтап, еліміздің даму жолындағы басты құндылықтарды атап өтті.
Сондай-ақ ол еліміздің болашағы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты екенін ерекше атап өтті:
Президенттің айтуынша, еліміз соңғы онжылдықтарда үлкен жетістіктерге жетіп, енді әділетті қоғам мен берекелі болашақ құру жолында нық қадам жасап келеді.

«Біз барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз», деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол еліміздің болашағы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты екенін ерекше атап өтті:
«Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін!»
Президенттің айтуынша, еліміз соңғы онжылдықтарда үлкен жетістіктерге жетіп, енді әділетті қоғам мен берекелі болашақ құру жолында нық қадам жасап келеді.
👍2
Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
26 қазанда «Қазгидромет» РМК дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
• Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында – түнде және таңертең тұман, кей жерлерде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
• Ұлытау облысында – көктайғақ, сондай-ақ жоғары өрт қаупі.
• Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында – жел күшейіп, кей аймақтарда найзағай және тұман күтіледі.
• Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында – жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше өрт қаупі бар өңірлер: Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда облыстары мен қалалар — Шымкент, Түркістан, Ақтау, Тараз, Жезқазған.
Тұрғындарға ауа райы нашарлаған кезде сақтық шараларын қадағалау ескертіледі.

Шымкентте отшашудан кейін өрт шықты
Республика күніне арналған мерекелік шара Шымкентте төтенше жағдаймен аяқталды.
25 қазан кешке Нұрсат шағын ауданында фейерверк атылғаннан кейін құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, от шамамен 250 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қалалық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Айта кетейік, Республика күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның өзге өңірлерінде де кең көлемде өтті.

«Өрт дер кезінде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қалалық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Айта кетейік, Республика күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның өзге өңірлерінде де кең көлемде өтті.
https://t.me/sn_kz
🤯3
«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды
26 қазанда Алматыда өткен Премьер-лиганың соңғы турында «Қайрат» пен «Астана» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтижемен алматылық клуб 2025 жылғы ел чемпионы атанды.

👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арыста 4 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды
Арыстағы орталық ауруханада 4 жасар Алирахман Сейітхан екі апта комада жатып, 23 қазанда қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, баланы дер кезінде қарамағандықтан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Бала 10 қазанға қараған түні ауруханаға жеткізілген. Анасы Ұлжалғас Жүзейдің айтуынша, олар түнгі сағат үш жарымда келгенімен, таңғы тоғызға дейін ешбір дәрігер келмеген. Сол уақыт аралығында баланың жағдайы күрт нашарлаған.
Ауруханада қажетті медициналық жабдықтар — МРТ мен КТ аппараты болмағандықтан, нақты диагноз қойылмаған. Кейін ата-ананың бірнеше шағымынан кейін Астанадан реаниматолог келген, бірақ баланы құтқарып үлгермеген.
Отбасы медицина қызметкерлерін салғырттық танытты деп айыптап, әділ тергеу жүргізуді талап етуде.

😢2👎1
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау 28 қазанда басталады
28 қазаннан бастап магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер мен докторантураға түсу емтиханына арналған құжаттарды қабылдау басталады. Өтініштер ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн түрде қабылданады.
Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары бойынша бейінді магистратураға түсуге ниеттілердің құжаттарын жоғары оқу орындары 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылдайды.
https://t.me/sn_kz
28 қазаннан бастап магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер мен докторантураға түсу емтиханына арналған құжаттарды қабылдау басталады. Өтініштер ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн түрде қабылданады.
Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары бойынша бейінді магистратураға түсуге ниеттілердің құжаттарын жоғары оқу орындары 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылдайды.
https://t.me/sn_kz
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таразда қызды адамдардың көзінше күштеп алып қашқан
Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндізгі уақытта аялдама маңында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болғанымен, оны тоқтата алмаған.
Полицияның мәліметінше, жастар бұрыннан бірін-бірі таныған және бір-біріне шағымдары жоқ. Қазір бұл жағдайға құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.
https://t.me/sn_kz
Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндізгі уақытта аялдама маңында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болғанымен, оны тоқтата алмаған.
Полицияның мәліметінше, жастар бұрыннан бірін-бірі таныған және бір-біріне шағымдары жоқ. Қазір бұл жағдайға құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.
https://t.me/sn_kz
🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, адам қаза тапты
Астанада Алаш тас жолында Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні тергеу изоляторына қамады.

😢3
Найзағайлы жаңбыр мен тұман: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін елдің батысында, шығысында, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі.
Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте және шығыста жел күшейеді.
Астанада және Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

👍3🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
27 қазан кешкісін Түркияның батыс бөлігінде жойқын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Балыкесир провинциясында, шамамен 6 шақырым тереңдікте болған. Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, дүмпулер Стамбул, Измир және елдің өзге де қалаларында сезілген.
Қорқып қалған тұрғындар үйлерінен пижамамен жүгіріп шығып, қауіпсіздік баспалдақтарымен төмен түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір ғимараттар қираған, электр жарығы мен су беру жүйесінде үзілістер байқалады. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Балыкесирде мектеп сабақтары бір күнге тоқтатылды. Ал мешіттер мен спорт залдары тұрғындарға уақытша баспана ретінде ашылған. 112 жедел қызмет орталықтарына 504 хабарлама түскен, оның 25-і ғимараттардың зақымдануына қатысты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеп, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көңіл айтты.

🤯2😢2
Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған шетел азаматтары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында бес шетел азаматы дайындаған террористік актінің алдын алғанын хабарлады. Барлығы ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.
Бұдан бөлек:
🔹 Қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттағаны үшін 8 қазақстандық ұсталды.
🔹 Осы кезеңде 6 адам терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталды.
🔹 Жыл басынан бері барлығы 89 адам жауапкершілікке тартылған, олардың ішінде 6 шетел азаматы бар.