⚜️Президент Республика күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай барша халықты құттықтап, еліміздің даму жолындағы басты құндылықтарды атап өтті.
Сондай-ақ ол еліміздің болашағы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты екенін ерекше атап өтті:
Президенттің айтуынша, еліміз соңғы онжылдықтарда үлкен жетістіктерге жетіп, енді әділетті қоғам мен берекелі болашақ құру жолында нық қадам жасап келеді.

«Біз барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз», деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол еліміздің болашағы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты екенін ерекше атап өтті:
«Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін!»
Президенттің айтуынша, еліміз соңғы онжылдықтарда үлкен жетістіктерге жетіп, енді әділетті қоғам мен берекелі болашақ құру жолында нық қадам жасап келеді.
👍2
Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
26 қазанда «Қазгидромет» РМК дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
• Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында – түнде және таңертең тұман, кей жерлерде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
• Ұлытау облысында – көктайғақ, сондай-ақ жоғары өрт қаупі.
• Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында – жел күшейіп, кей аймақтарда найзағай және тұман күтіледі.
• Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында – жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше өрт қаупі бар өңірлер: Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда облыстары мен қалалар — Шымкент, Түркістан, Ақтау, Тараз, Жезқазған.
Тұрғындарға ауа райы нашарлаған кезде сақтық шараларын қадағалау ескертіледі.

🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте отшашудан кейін өрт шықты
Республика күніне арналған мерекелік шара Шымкентте төтенше жағдаймен аяқталды.
25 қазан кешке Нұрсат шағын ауданында фейерверк атылғаннан кейін құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, от шамамен 250 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қалалық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Айта кетейік, Республика күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның өзге өңірлерінде де кең көлемде өтті.
https://t.me/sn_kz

«Өрт дер кезінде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қалалық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Айта кетейік, Республика күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның өзге өңірлерінде де кең көлемде өтті.
https://t.me/sn_kz
🤯3
«Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды
26 қазанда Алматыда өткен Премьер-лиганың соңғы турында «Қайрат» пен «Астана» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтижемен алматылық клуб 2025 жылғы ел чемпионы атанды.

👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арыста 4 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды
Арыстағы орталық ауруханада 4 жасар Алирахман Сейітхан екі апта комада жатып, 23 қазанда қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, баланы дер кезінде қарамағандықтан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Бала 10 қазанға қараған түні ауруханаға жеткізілген. Анасы Ұлжалғас Жүзейдің айтуынша, олар түнгі сағат үш жарымда келгенімен, таңғы тоғызға дейін ешбір дәрігер келмеген. Сол уақыт аралығында баланың жағдайы күрт нашарлаған.
Ауруханада қажетті медициналық жабдықтар — МРТ мен КТ аппараты болмағандықтан, нақты диагноз қойылмаған. Кейін ата-ананың бірнеше шағымынан кейін Астанадан реаниматолог келген, бірақ баланы құтқарып үлгермеген.
Отбасы медицина қызметкерлерін салғырттық танытты деп айыптап, әділ тергеу жүргізуді талап етуде.

😢2👎1
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау 28 қазанда басталады
28 қазаннан бастап магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер мен докторантураға түсу емтиханына арналған құжаттарды қабылдау басталады. Өтініштер ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн түрде қабылданады.
Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары бойынша бейінді магистратураға түсуге ниеттілердің құжаттарын жоғары оқу орындары 28 қазан мен 10 қараша аралығында қабылдайды.

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таразда қызды адамдардың көзінше күштеп алып қашқан
Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндізгі уақытта аялдама маңында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болғанымен, оны тоқтата алмаған.
Полицияның мәліметінше, жастар бұрыннан бірін-бірі таныған және бір-біріне шағымдары жоқ. Қазір бұл жағдайға құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.
https://t.me/sn_kz
Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндізгі уақытта аялдама маңында болған. Бірнеше адам қызға көмектеспек болғанымен, оны тоқтата алмаған.
Полицияның мәліметінше, жастар бұрыннан бірін-бірі таныған және бір-біріне шағымдары жоқ. Қазір бұл жағдайға құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.
https://t.me/sn_kz
🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, адам қаза тапты
Астанада Алаш тас жолында Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні тергеу изоляторына қамады.

😢3
Найзағайлы жаңбыр мен тұман: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін елдің батысында, шығысында, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі.
Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте және шығыста жел күшейеді.
Астанада және Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

👍3🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
27 қазан кешкісін Түркияның батыс бөлігінде жойқын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Балыкесир провинциясында, шамамен 6 шақырым тереңдікте болған. Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, дүмпулер Стамбул, Измир және елдің өзге де қалаларында сезілген.
Қорқып қалған тұрғындар үйлерінен пижамамен жүгіріп шығып, қауіпсіздік баспалдақтарымен төмен түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір ғимараттар қираған, электр жарығы мен су беру жүйесінде үзілістер байқалады. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Балыкесирде мектеп сабақтары бір күнге тоқтатылды. Ал мешіттер мен спорт залдары тұрғындарға уақытша баспана ретінде ашылған. 112 жедел қызмет орталықтарына 504 хабарлама түскен, оның 25-і ғимараттардың зақымдануына қатысты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеп, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көңіл айтты.

🤯2😢2
Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған шетел азаматтары ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында бес шетел азаматы дайындаған террористік актінің алдын алғанын хабарлады. Барлығы ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.
Бұдан бөлек:
🔹 Қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттағаны үшін 8 қазақстандық ұсталды.
🔹 Осы кезеңде 6 адам терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталды.
🔹 Жыл басынан бері барлығы 89 адам жауапкершілікке тартылған, олардың ішінде 6 шетел азаматы бар.
https://t.me/sn_kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында бес шетел азаматы дайындаған террористік актінің алдын алғанын хабарлады. Барлығы ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.
Бұдан бөлек:
🔹 Қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттағаны үшін 8 қазақстандық ұсталды.
🔹 Осы кезеңде 6 адам терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталды.
🔹 Жыл басынан бері барлығы 89 адам жауапкершілікке тартылған, олардың ішінде 6 шетел азаматы бар.
https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда тұрғын үйде газ жарылды: ішінде балалар болған
Ақтауда көпқабатты үйде газ жарылысы болды. Оқиға кезінде пәтер ішінде балалар болғаны хабарланды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін үйден түтін шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер дереу жеткен.
Мамандар жарылыстың алдын ала себебін газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаумен байланыстырады. Оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.
Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды газ иісін сезген сәтте терезені ашып, электр құрылғыларын қоспау және дереу мамандарға хабарлауға шақырады.

😢2😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты
Кездесу барысында Финляндия Президенті Александр Стубб былай деді:
https://t.me/sn_kz
Кездесу барысында Финляндия Президенті Александр Стубб былай деді:
«Мен Қазақстанға алғаш келген сәтімді ұмытқан емеспін. Сол кезде сіздердің қонақжайлықтарыңыз ерекше әсер қалдырған еді. Астанаға алғаш рет келгенімде, менің үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығуға мүмкіндігім болды. Сол сәтте маған Александр Винокуровтың қолы қойылған “Астана” велокомандасының жейдесін сыйға тартқан еді. Бұл мен үшін өте қымбат сыйлық, сол жейде әлі күнге дейін үйімнің төрінде сақтаулы тұр», – деді Финляндия Президенті Александр Стубб.
https://t.me/sn_kz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Естімеген елде көп: Түркістанда полиция көлігімен ағаш тасылды - қызметтік көлік пе, жеке пайда ма?
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында полицейдің қызметтік көлікпен ағаш тасып жүргені түсірілген видео тарады. Кадрда көлік нөмірі анық көрінеді.
Желі қолданушыларының бірі мұны қызмет бабын асыра пайдалану десе, енді бірі қызметтік тапсырма болуы мүмкін деп қорғады.
Облыстық полиция департаменті әзірге түсініктеме бермеді. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер полицияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

🤯2😁1
🔹12 адамның қазасы: Ақтөбеде қара жамылған отбасыларға 1 млн теңге берілетін болды
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты
🔹Финляндия президенті: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»
🔹Қазақтың қазақ болып қалыптасуына Алашорданың септігі көп тиді - Сұлтан Хан Аққұлы (ВИДЕО)
🔹ЛГБТ насихаты елде 5 есе өскен
🔹Қазақстан UFC-де бір жауынгерінен айырылды
🔹«Жылап-еңіреп жүруім керек пе?»: Шерхан Қалмұрзаның анасы биін сынағандарды орнына қойды (ВИДЕО)
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» мәліметінше, 29 қазанда еліміздің 15 өңірінде күрделі ауа райы күтіледі — тұман, найзағай және секундына 20 метрге дейін жететін екпінді жел соғады.
Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бірқатар өңірлерде нөсер жаңбыр мен найзағай болжанса, батыс пен солтүстікте — қою тұман күтіледі.

👍3
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды
Олардың 45,7%-ы – Өзбекстаннан, 42,1%-ы – Қытайдан, 4,5%-ы – Түрікменстаннан, 2,6%-ы – Ресейден, 2,6%-ы – Моңғолиядан, ал 2,5%-ы – басқа елдерден келген, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
🔹 Еңбекке қабілетті жандар – 58,4%
🔹 Кәмелетке толмағандар – 32,8%
🔹 Зейнеткерлер – 8,8%
Жыл ішінде 916 қандас мемлекеттік қолдау алды, олардың 277-сі тұрақты жұмысқа орналасты.
1991 жылдан бері елге 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ қоныс аударған.
https://t.me/sn_kz
Олардың 45,7%-ы – Өзбекстаннан, 42,1%-ы – Қытайдан, 4,5%-ы – Түрікменстаннан, 2,6%-ы – Ресейден, 2,6%-ы – Моңғолиядан, ал 2,5%-ы – басқа елдерден келген, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
🔹 Еңбекке қабілетті жандар – 58,4%
🔹 Кәмелетке толмағандар – 32,8%
🔹 Зейнеткерлер – 8,8%
Жыл ішінде 916 қандас мемлекеттік қолдау алды, олардың 277-сі тұрақты жұмысқа орналасты.
1991 жылдан бері елге 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ қоныс аударған.
https://t.me/sn_kz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент–Түркістан трассасында фура өртенді
Бүгін таңертең Шымкент–Түркістан тасжолында жүк көлігі отқа оранды. Куәгерлердің айтуынша, фурадан түтін шығып, бірнеше минут ішінде жалын кабина мен тіркемені шарпыған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жетіп, өртті 40 минутта сөндірді. Жүргізуші дер кезінде шығып, жеңіл жарақат алған.
Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі ақаудан шыққан. Жол бір сағатқа жабылып, кейін қозғалыс қалпына келтірілді.
ТЖД жүргізушілерге көлік техникалық жағдайын тексеріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

🤯2😢1
Бірқатар банк ипотека беруді қайта бастады
Қазір Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Altyn Bank және Freedom Bank қайтадан ипотека рәсімдеуді қолға алды.
• Halyk Bank – бастапқы және екінші нарыққа өтінім қабылдайды, мөлшерлеме 20–22,5%.
• Банк ЦентрКредит – өткен аптадан бері ипотека береді, мөлшерлеме 20–25%.
• Freedom Bank – жүйесін жаңартып жатыр, әзірге тек «7-20-25» және BI Group-пен серіктестік ипотека жұмыс істейді.
• Altyn Bank – тек бастапқы нарыққа арналған серіктестік бағдарламаларды ұсынады.
Нұрбанк пен Forte Bank әзірге ипотека беруді жандандырмаған.
Бұрынғыдай төмен пайызды классикалық ипотекалар азайған. Олардың орнына девелоперлермен серіктестік және қосымша кепілмен берілетін жаңа өнімдер пайда болуда.

🤔2