RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
RF
Астанада әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты Астанадағы Үкімет үйі жанында қызметінде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шығып, наразылықтарын білдірді. Оларды ғимарат ішіне кіргізіп, журналистер қатысуымен іште талаптарын…
Қорғаныс министрлігі қаза болған және зардап шеккен сарбаздардың ата-аналарымен кездесуден кейін мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі 10 қарашада қаза болған және зардап шеккен әскери қызметкерлердің ата-аналарымен кездесу өткенін растады.

Ведомство ашық диалогқа дайын екенін және әрбір істі жан-жақты қарауға уәде берді.

Министрлік әскерде тәртіп пен моральдық ахуалды жақсарту шаралары жүргізіліп жатқанын, бақылау күшейіп, психологтар тартылып, жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелері енгізіліп жатқанын хабарлады.

https://t.me/sn_kz
👍3🤯2
Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен шағымды қарастыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыздарды 12 күн ішінде қарап, тергеу кезінде заңның сақталуын тексеруді Бас прокурорға тапсырды.

https://t.me/sn_kz
👏5👍2🤔1
❄️ 🌧️ Нөсер, қар және тұман: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды “Қазгидромет”.

Батыс өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста – көктайғақ пен бұрқасын болады.

Ел аумағында желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Дабылды ескерту еліміздің 15 өңірін қамтыды. Толығырақ сайттан оқи аласыз.

https://t.me/sn_kz
👍4🤯1
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарған.

https://t.me/sn_kz
🤯3🤔2
Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шықты: ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Қасымбаев есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қайғылы қазасынан кейін көпшілікке кеңінен танылған еді. Қоғамда оны «Хуторские» деп аталатын топтың жетекшісі ретінде атап кеткен. Алайда ресми органдар да, Қасымбаевтың өзі де мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Сот барысында Қасымбаевқа адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптары бойынша айып тағылған.

Прокурор 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот ақырында 12 жыл жаза кесті.

https://t.me/sn_kz
🔥3🤔2🤯1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр

Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😁1
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, сейсенбі күні атап өтіледі. Қазақстандықтарға тек бір күн демалыс беріледі.

Желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасы бойынша барлығы 9 демалыс күні болады.

https://t.me/sn_kz
👍4🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында пара алған полицей ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Созақ аудандық полициясының 38 жастағы жедел уәкілін пара алған сәтте ұстады.

Полицей жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшы мылтығы үшін жауапқа тартпау мақсатында 200 мың теңге алған. Тінту кезінде оның қалтасынан 190 мың теңге табылып, қалғанын жұмсап үлгергені анықталды.

Қашуға тырысқанымен, ол ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

https://t.me/sn_kz
🤯2😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

🇰🇿Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар.


🇷🇺Владимир ПУТИН:

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Сізге уақыт тауып, келіскеніміздей, мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұған шын жүректен қуаныштымын. Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын.


https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤔1
Мәскеудегі бейресми кешкі ас

https://t.me/sn_kz
👍3🤔2🤯1
Астанада және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 12 қараша күні елорда мен 17 өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Көптеген аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, боран және тұман болады, желдің екпіні кей жерлерде 15–25 м/с дейін жетеді.

Ең күшті жауын-шашын мен көктайғақ Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында болжанып отыр.

https://t.me/sn_kz
😱3👍2
Грузияда Түркияның ұшағы апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

Грузия аумағында Түркияның C130 әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 20 адамның бәрі қаза тапты.

Ұшақтың сынықтары Холагири монастырі маңындағы таулардан табылған.

Құтқару жұмыстарына әскерилер, полиция, құтқарушылар мен еріктілер қатысып жатыр, бірақ ауа райы мен жер бедері кедергі келтіріп отыр.

Апат себебі ретінде техникалық ақау мен ұшқыштың қателігі қарастырылуда. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

https://t.me/sn_kz
🤯3😢3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда балаларға
әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін


Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады.

Аймағамбетов шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Дания мен Аустралияда тіркелуге 15–16 жастан бастап рұқсат етілетінін, ал АҚШ пен Англияда ата-ананың келісімі мен верификация қажет екенін айтты.

Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуды да қолдады, мұндай шектеудің оқу үлгеріміне оң әсер ететінін атап өтті.

Ал вице-министр Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер Цифрлық кодекске енгізілмейтінін, басты мақсат – балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау екенін жеткізді.

https://t.me/sn_kz
👍4🤔1
Мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қабылдады

Тыйым бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформалар мен телекоммуникация желілеріне қатысты қолданылады.

Заңның мақсаты – балаларды денсаулығы мен дамуына зиянды ақпараттан қорғау.

https://t.me/sn_kz
👍4👏1
⛽️ Жыл басынан бері елде жанармай 11%-ға қымбаттаған

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жанармай бағасы өсіп, бензин 11,2%, дизель 9,2% қымбаттады. Дегенмен елдегі баға Ресей мен Қырғызстаннан екі есе арзан – бензин литріне 228 теңге, дизель 324 теңге.

Үкімет нарықты реттеу үшін қазан айында бағаның өсуіне шектеу қойды. Бұл шешім әлеуметтік шиеленісті азайту және тапшылықтың алдын алуға бағытталған.

🧐Ал сізге қымбатшылық сезіле ме?

https://t.me/sn_kz
🤯2😱2😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺 Тоқаев пен Путиннің келіссөзі жүріп жатыр

Келіссөз басталмас бұрын Георгий залында Қазақстан мен Ресейдің әнұрандары шырқалды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Ресейге мемлекеттік сапармен барды.

https://t.me/sn_kz
👍3🤮1
🇰🇿🇷🇺 «Ынтымақтастық ауқымы өте кең»: Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Владимир Владимирович, Сізге алғысым шексіз. Ерекше қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Біз үшін Ресей Федерациясына мемлекеттік сапар – биылғы ең айтулы оқиға. Ынтымақтастық ауқымы өте кең. Ресей Федерациясымен барлық салада тығыз байланыс орнаттық. Тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойдық. Атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталғым келеді. Білім саласындағы ықпалдастығымызды атап өткім келеді. Ресейдің 9 жоғары оқу орны Қазақстанда филиалдарын ашты. Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын.


Владимир ПУТИН:
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Мәскеуде, Кремль сарайында қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде. Сіздің бүгінгі сапарыңыздың қорытындысы бойынша меморандумдар әзірленді. Бұл байланыстарымызды жоғары мемлекетаралық деңгейге шығаруды көздейді.


https://t.me/sn_kz
👍4🤔3