This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Сізге уақыт тауып, келіскеніміздей, мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұған шын жүректен қуаныштымын. Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын.
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤔1
Астанада және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 12 қараша күні елорда мен 17 өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Көптеген аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, боран және тұман болады, желдің екпіні кей жерлерде 15–25 м/с дейін жетеді.
Ең күшті жауын-шашын мен көктайғақ Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында болжанып отыр.

😱3👍2
Грузияда Түркияның ұшағы апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты
Грузия аумағында Түркияның C130 әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 20 адамның бәрі қаза тапты.
Ұшақтың сынықтары Холагири монастырі маңындағы таулардан табылған.
Құтқару жұмыстарына әскерилер, полиция, құтқарушылар мен еріктілер қатысып жатыр, бірақ ауа райы мен жер бедері кедергі келтіріп отыр.
Апат себебі ретінде техникалық ақау мен ұшқыштың қателігі қарастырылуда. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

🤯3😢3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда балаларға
әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады.
Аймағамбетов шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Дания мен Аустралияда тіркелуге 15–16 жастан бастап рұқсат етілетінін, ал АҚШ пен Англияда ата-ананың келісімі мен верификация қажет екенін айтты.
Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуды да қолдады, мұндай шектеудің оқу үлгеріміне оң әсер ететінін атап өтті.
Ал вице-министр Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер Цифрлық кодекске енгізілмейтінін, басты мақсат – балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау екенін жеткізді.

👍4🤔1
Мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қабылдады
Тыйым бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформалар мен телекоммуникация желілеріне қатысты қолданылады.
Заңның мақсаты – балаларды денсаулығы мен дамуына зиянды ақпараттан қорғау.

👍4👏1
⛽️ Жыл басынан бері елде жанармай 11%-ға қымбаттаған
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жанармай бағасы өсіп, бензин 11,2%, дизель 9,2% қымбаттады. Дегенмен елдегі баға Ресей мен Қырғызстаннан екі есе арзан – бензин литріне 228 теңге, дизель 324 теңге.
Үкімет нарықты реттеу үшін қазан айында бағаның өсуіне шектеу қойды. Бұл шешім әлеуметтік шиеленісті азайту және тапшылықтың алдын алуға бағытталған.
🧐Ал сізге қымбатшылық сезіле ме?

🤯2😱2😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺 Тоқаев пен Путиннің келіссөзі жүріп жатыр
Келіссөз басталмас бұрын Георгий залында Қазақстан мен Ресейдің әнұрандары шырқалды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Ресейге мемлекеттік сапармен барды.

👍3🤮1
🇰🇿🇷🇺 «Ынтымақтастық ауқымы өте кең»: Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
Владимир ПУТИН:
https://t.me/sn_kz
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Владимир Владимирович, Сізге алғысым шексіз. Ерекше қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Біз үшін Ресей Федерациясына мемлекеттік сапар – биылғы ең айтулы оқиға. Ынтымақтастық ауқымы өте кең. Ресей Федерациясымен барлық салада тығыз байланыс орнаттық. Тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойдық. Атом энергиясы саласындағы ынтымақтастыққа айрықша тоқталғым келеді. Білім саласындағы ықпалдастығымызды атап өткім келеді. Ресейдің 9 жоғары оқу орны Қазақстанда филиалдарын ашты. Омбы университеті жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары бұл міндетті белгілі бір деңгейде орындап отыр. Сізді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын.
Владимир ПУТИН:
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Мәскеуде, Кремль сарайында қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Ресей – жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер. Былтыр сауда айналымы 27 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 20 миллиард долларға жетті. Қазақстанның бизнес өкілдері де Ресейде өз кәсіптерін ашып, белсенді жүргізуде. Сіздің бүгінгі сапарыңыздың қорытындысы бойынша меморандумдар әзірленді. Бұл байланыстарымызды жоғары мемлекетаралық деңгейге шығаруды көздейді.
https://t.me/sn_kz
👍4🤔3
Қазақстан мен Ресей арасында 13 құжатқа қол қойылды
Олар экономикалық, көлік, ғарыш, экология, білім және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды. Негізгі құжаттар мыналар:
• 2026–2030 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы;
• Теміржол транзиті мен көлік қауіпсіздігі жөніндегі келісімдер;
• «Союз-5» және «Бәйтерек» жобалары бойынша бірлескен комиссия құру туралы келісім;
• Ақтауда Ресейдің Бас консулдығын ашу туралы келісім;
• Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік, атом энергиясы мен экология саласындағы өзара іс-қимыл құжаттары;
• Ерекше экономикалық аймақтарды дамыту және білім беру ұйымдарын ашу туралы меморандумдар;
• Амур жолбарыстарын Қазақстанға әкелу жөніндегі бірлескен жоспар;
• Шекаралық өткізу бекеттері мен пошта, теміржол байланысын дамыту туралы келісімдер.
Жалпы, құжаттар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге бағытталған.

👍3👎1
🔹Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі – Тоқаев
🔹Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
🔹Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп, қаза тапты (ВИДЕО)
🔹Қазақстандық жас әнші Ресейдің «Голос. Дети» жобасының финалына шықты (ВИДЕО)
🔹«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасындағы жалпы табысы белгілі болды
🔹Ақмолада жарыс кезінде екі бапкер жасөспірімдердің көзінше төбелескен
🔹«Геннадийдің мотивациясы»: Наталья Богданова әлем чемпионатында қалай жеңіске жеткенін айтты
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
13 қарашада еліміздің басым бөлігі Атлант циклонының жазығы мен соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты Қазақстанның көп өңірінде жауын-шашын — жаңбыр мен қар түрінде — күтіледі.
🌦️ Астана мен солтүстік өңірлерде — қар, кей жерлерде бұрқасын мен желдің күшеюі болжанады.
🌧️ Шығыс пен оңтүстік-шығыста — қар аралас жаңбыр, кей тұстарда қатты жауын-шашын болады.
🌫️ Республиканың көптеген аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі.
☀️ Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы болады.
🌡️ Температуралық фон бойынша қысқа мерзімді суыту күтіледі — күндізгі уақытта ауа температурасы орта есеппен 3–5 градусқа төмендейді.

👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин қазақ әртістерін «алтынға» теңеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Мәскеуде қазақ әртістерінің концерті өтті. Шараға Тоқаев пен Владимир Путин қатысып, Роза Рымбаева, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Зарина Алтынбаева және Мария Мудряк өнер көрсетті.
Кеш соңында Путин қазақ тіліндегі «алтын» сөзін ерекше атап өтіп, «Міне, сол алтын - сіздерсіздер» деп әртістерге жылы лебізін білдірді. Бұл концерт Тоқаевтың Ресейдегі сапарының қорытынды іс-шарасы болды.

👍4😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жүргізуші шам бағанына соғылып қаза тапты
Астанада Қабанбай батыр даңғылында жол апаты болып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, ол Керей және Жәнібек хандар көшесінен келе жатып, рөлге ие бола алмай шам бағанына соғылған. Соққыдан көлік аударылып кеткен.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

🤯3
Екатерина Бивол Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін
Қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін.
ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жалғасып жатқанын айтты.
Екатерина Биволға Қазақстан мен Қырғызстан полициясы іс қозғаған, оған ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін айып тағылған.

👍2🔥1🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Басшылар миллион, жұмысшылар 20 мың алды: «Қазақтелеком» қызметкерлері сыйақы бөлінісіне наразы
Атырау мен Маңғыстаудағы «Қазақтелеком» қызметкерлері жалақы мен сыйақының әділетсіз бөлінуіне наразы.
Олар топ-менеджерлер миллиондаған теңге көлемінде сыйақы алғанын, ал қарапайым жұмысшыларға небәрі 20 мың теңге берілгенін айтады.
Қызметкерлер коммуналдық төлем мен азық-түлік бағасының өсуі жағдайында айлықтың жетпейтінін, жалақы индексациясының инфляцияға сай еместігін мәлімдеді.
Жұмысшылар бұл мәселе туралы компания басшысы Бағдат Мусиннің хабардар болуын талап етіп, бейнеүндеу жариялаған.

🤬3🤯2
Қазақстандықтар енді бірыңғай QR коды арқылы төлем жасай алады
Жаңа жүйеге қазірше елдің алты ірі банкі – Halyk Bank, Freedom Bank, RBK Bank, Home Credit Bank, Банк ЦентрКредит және Altyn Bank – қосылған. Жыл соңына дейін тағы үш банк жүйеге енбек.
2026 жылға қарай бірыңғай QR төлем жүйесін еліміздегі барлық банктер қолданады деп жоспарлануда. Жүйенің ресми іске қосылуы Central Asia Fintech Summit 2025 саммитінде өтті.

👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам мерт болды
Астананың «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, екі жұмысшы жарақат алды.
Оқиға кезінде лифт ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлері болған.
Қалалық полиция оқиғаны тексеріп, еңбекті қорғау қағидаларын бұзу және абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

😢5😱3
🔹Бірегей, бірақ түгел емес: неге Қазақстан банктері ортақ QR-ға әлі толық өтпеді?
🔹«Айналайын сіңілім, көзіңді ашшы»: Ес-түссіз жатқан фельдшердің әпкесі жұртты жылатты
🔹«Біз үшін үлкен мәртебе»: Әзербайжандық үшем мен қырғызстандық егіздер Түркістанда қазақ тілін үйреніп жүр
🔹Аграрлық форум, Өзбекстанға сапар: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық кестесін жариялады
🔹Туыстар дауы: Бишімбаевтың анасы сотта ақша үшін жылап қалды
🔹«Елдос-Смет»: Елдос Сметов өзімен аттас балақаймен кездесіп, бата берді
🔹Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам мерт болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM